• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА: «ПАНДУСТАР АЗАМАТТАРДЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ БОЛУ КЕРЕК»

Өткен айда облыс әкімінің жастармен кездесуінде «Жылы жүрек жастар» ҚБ-нің жетекшісі Сағатбек Сиюов мүгедектігі бар жандардың мәселесін қозғап, аймақ басшысына әлеуметтік нысандардағы пандустардың қолайлылығын бақылау үшін қаладағы ғимараттарды бірге аралауға ұсыныс жасады. Өз кезегінде өңір басшысы көтерілген ұсыныстың өзекті екенін алға тартып, бүгін Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, мүгедектігі бар азаматтар үшін жасалған жағдайды тексерді.

Алдымен, аймақ басшысы орталық алаңдағы және Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрына кіре берістегі пандустың бейімділігін көрді. Облыс әкімі орталық алаңда облыстық сот ғимараты жанындағы тротуарға шығатын пандус жоқ екенін және театрға көтерілетін пандус биік екенін айтып, жауапты басқарма басшыларына кемшіліктерді қалыпқа келтіру бойынша тапсырмалар жүктеді.

Мұнан кейін аймақ басшысы мен «Жылы жүрек жастар» ҚБ-нің жетекшісі «Bauyrdaq» фастфуд орталығы мен «Europharma» дәріханасына барды. Фасфуд орталығының кірер жолында пандус орнатылмаған, ал дәріханада тым биік жасалған. Аймақ басшысы кәсіпкерлік нысандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалу қажет екенін баса айтып, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Сұлтан Мақашов пен қала әкімі Ғанибек Қазантаевқа тиісті жұмыстарды ретімен жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Тәуелсіздік даңғылында орнатылған пандустарды қарады.

- Өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл жерде де орналастырылған пандус биік және сүйеніш темірі (перила) жоқ. Мұндай кемшіліктерге жол берілмеу қажет. Пандустар азаматтардың қимыл-қозғалысына қолайлы болу керек. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау біздің міндетіміз. Азаматтармыз өз еріктерімен кедергісіз қозғалу керек. Кемшіліктерді кезең-кезеңімен қалыпқа келтіруді тапсырамын, бұл жұмыстар бақылауымда болады, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі!

  • 29.10.2021
  • 254
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика