• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СЕРІК ШӘПКЕНОВ CЫР ЕЛІНЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді. Іссапары кезінде ведомоство басшысы аймақтағы "Ауыл-Ел бесігі", "Жұмыспен қамтудың Жол картасы" мемлекеттік бағдарламасымен іске асқан әлеуметтік нысандарды аралап көреді.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова министрге мемлекеттік бағдарламалардың өңірде іске асырылуы барысын айтып, жобалардың тиімділігіне тоқталды.

Мәселен, 2019 жылы бастау алған «Ауыл-Ел бесігі» арқылы  Жалағаш пен Жосалыда 31 жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Оның ішінде 4 мектеп, 1 емхана, 5 мәдениет нысаны, жалпы ұзындығы 28,6 шақырымды құрайтын 21 ауыл ішілік көшелер жөнделді.

Министр ең әуелі Қызылорда қаласындағы Бәйтерек тұрғын ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» бағдарламасы аясында салынып жатқан мектептің құрылыс жұмысымен танысты. 600 орынды қамтитын білім мекемесінің құрылысы келер жылы аяқталады. Бүгінде құрылыс алаңына 40-тан астам маман тартылған. Барлығы да жергілікті жердің тұрғындары.  

Ведомство басшысы азаматтарды жұмыспен қамту, қажетті мамандарды тарту мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы негізгі міндеттердің бірі екенін алға тартты. Жұмыс барысында өзіне жүктелген жұмыстарды уақытылы жүргізе алмаған мердігер компаниялардың жауапкершілігі қаралатынын айтты.

Ал аймақ басшысы аталған нысанның ерекше бақылауда екенін тілге тиек етті. Себебі қала шекарасының кеңеюі мен демографияның өсуі жаңа мектептің қажеттілігіне жол ашты. Жаңа мектеп бой көтерсе, орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

 Бұл ретте облыс әкімі мемлекеттік бағдарлама аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты игерілуі қатаң бақылауда екенін жеткізді. Сондай-ақ, нысан құрылысына жауапты мердігер мекеме басшысына жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, министр Серік Шәпкенов өңірге жасаған іссапары кезінде Сырдария, Жалағаш, Қармақшы мен Қазалы аудандарына барады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі!

  • 29.10.2021
  • 252
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика