- Блогтар
- Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
ВАК отырысында әскери билеттің қағаз нұсқасынан бас тарту ұсынылды
Біз бүгін Цифрлық комиссарлардың қатысуымен ведомствоаралық комиссияның алғашқы отырысын өткіздік.
Қорғаныс және ішкі істер салаларындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жеңілдетуге қатысты мәселелерді талқыладық.
Әскери билеттің қағаз нұсқасынан бас тартқымыз келеді. Қажетті деректердің бәрін egov.kz. порталы арқылы алуға болады және азамат мекенжайын ауыстырғанда қайта есепке қою автоматты түрде жүргізіледі.
Сондай-ақ, автокөлік құралдарын тіркеу, кепілді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға қатысты мәселелерді қарадық.
Бұл қызметтер порталда бар, бірақ біз алу тәртібін жеңілдетіп, мемлекеттік органдармен бірге бүкіл бизнес-процестерді пысықтаймыз.
Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Қызметтерді біртіндеп ВАК-қа шығарып, қоғамдық ұйымдармен талқылайтын боламыз.
- 27.08.2020
- 548