• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Біз әлі күнге дейін кеңестік замандағы 1942 жылғы (СК-42) координаттар жүйесін қолданып келеміз.

Біз әлі күнге дейін кеңестік замандағы 1942 жылғы (СК-42) координаттар жүйесін қолданып келеміз. Сондықтан қазір заманға сай мемлекеттік координаттар жүйесін жасауға ден қойып жатырмыз! Бұл үшін спутниктік геодезиялық желі базасын салып, желіні дәл есептеу және теңестіруді іске асыру қажет.

Күллі әлем спутниктік әдіске көшкен. GPS пен Жаһандық навигациялық спутниктік жүйе (GNSS) ғарышты шарлап жүр, ал геолокацияны смартфон арқылы жіберу қалыпты жағдайға айналған.

Осындай қарқынды технологиялық дамудың арқасында ғаламат нәтижелерге қол жеткізуге болар еді. Алайда мұндай мүмкіндікті 2ГИС, Google карт, Яндекс такси және тағы басқа қарапайым сервистер арқылы күнделікті күйбең тірлікте ғана қолданып келеміз. Осындай қолда бар навигация бойынша салынған бағдарға сай 200 метр немесе 212 метрден кейін бұрылдыңыз ба, мейлі, ең бастысы діттеген жеріңізге жетсеңіз болды.

Ал біз үшін қазіргі маңызды мақсат - СК-42 сияқты көне жүйенің орнына дала мен қала, өзен-көл мен орман кадастрының, геология және жер қойнауын пайдалану, табиғат, қорғаныс, қауіпсіздік сияқты және тағы басқа да тиісті салаларды, жеріміздің әрбір сүйемі мен елісі, әр сантиметрін қамтитын мемлекеттік деңгейдегі өзіміздің спутниктік координаттар жүйемізді құру.

Жаңа жүйеге ауысқан шақта фермерлердің жер аумағы ұлғайып немесе азайып, өзгеруі ықтимал. Мысалдар жетіп артылады, ескі координаттар жүйесіндегі мәліметтер дәл және нақты болмағандықтан, бір жолдың бойындағы жер телімдері де сәйкеспей қалуы мүмкін.

Мемлекеттік жүйедегі шектеулер мен кедергілердің кесірінен геология және жер қойнауын пайдалану саласына шетелдік инвесторларды тарту қиындап тұр. Мемлекеттік басқаруға да кері әсерін тигізуде. Мәселен, сәулет саласындағы «қызыл жолақтардың», табиғат пайдаланудағы санитарлық және су қорғау белдемдерінің бұзылуы.

Қазіргі заманда көне СК-42 жүйесін қолдану дегеніміз, мысалы 2021 жылы ірі корпорацияның иелігінде заманауи техникалар мен Интернет бола тұра, электрондық пошта, порталдар, смартфон мен гаджеттерін пайдаланбай, хат-хабарлары мен құжаттарын қағаз жүзінде жаяулап-жалпылап дәстүрлі пошта арқылы жолдағанмен тең. Мұндай корпорацияның жұмысы жемісті болушы ма еді?!

СК-42 технологиясы құрылыс, сәулет, геология, кадастр, көлік, навигация және т.с. техникалық және инженерлік бағыттарда кеңінен қолданылады, сондықтан оның шығындары да ұшан-теңіз.

Осы себепті бұл саланы жаңғыртып, заманға сай және тиімді қылып, халыққа көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасын арттыру үшін геодезия және кеңістіктік деректерді цифрландыру қарқынын күшейткелі жатырмыз.

  • 04.11.2021
  • 300
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика