- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Сайлау және саяси партиялар мәселелері жөніндегі заң жобаларын талқылау
Әділет министрлігі ү.ж. 15 қазаны 4 қарашасына дейін әзірлеген сайлау және саяси партиялар мәселелері жөніндегі заң жобаларын жан-жақты талқылау мақсатында Әділет вице-министрі Н.В. Панның қатысуымен саяси партиялар өкілдерімен кездесу өткізді.
Атап айтсақ, кездесуге «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Nur Otan, «ADAL», «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партия, Қазақстан халық партиясы өкілдері қатысты.
Мүгедектігі бар адамдармен квоталанатын азаматтардың санатын кеңейту және депутаттық мандаттарды бөлу кезінде квотаның міндеттілігін кеңейту арқылы халықтың әр түрлі санаттарының қажеттілігін ескере отырып, қоғам дамуының мәселелерін талқылау кездесуге арқау болды.
Өз кезегінде, саяси партиялар заң жобаларын қолдайтындықтарын, сондай-ақ өздерінің заң жобалары және сайлау процестері бойынша бірқатар ұсыныстарын атап өтті.
- 09.11.2021
- 226