- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Азаматтарды онлайн қабылдау өткізді
Ағымдағы жылдың 19 қарашасы “Nur Otan” партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлімімен бірлесіп, азаматтарды онлайн қабылдадым. Азаматтар тарапынан сот актілерін орындау, эксперттік қызмет және заң көмегін көрсету бойынша сұрақтар қойылды. Барлық мәселелер мұқият тыңдалды, құзыретіме сай жауап пен ұсыныстарымды бердім. Әр мәселе тиянақты қарастырылып, оның әрбіреуі бойынша әрекет ету жолы түсіндірілді, сонымен қатар, ұсыныстар да айтылды. Департамент басшылары кейбір мәселелерді қосымша қарап, өтініш иелеріне толық жауап беретін болады.
- 22.11.2021
- 180