- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Зияткерлік меншік саласы бойынша дөңгелек үстел өтті
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2021 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде зияткерлік меншік саласында бейнеконференцбайланыс форматында «Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының авторлары мен өзге де құқық иеленушілерінің мүліктік құқықтарын басқару мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының мүліктік құқықтарын басқарушы ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы ұжымдық басқару жүйесі бойынша тәжірибе алмасты.
- 29.11.2021
- 160