- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
Әділет органдары жүйесінің 30 үздігі
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы Еліміздің тарихы үшін айтулы күн. Осы жылдар ішінде ел экономикалық, әлеуметтік, саяси және құқықтық салада айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, оның қазіргі азаматтары куә болып отыр.
Тәуелсіздік қарсаңында Әділет министрлігінде алғаш рет еліміздің барлық өңірлерінен "Әділет органдары жүйесінің 30 үздігі" жобасы іске асырылды.
Үздік қызметкерлер қатарына 30 жылдан астам еңбек өтілі бар, сондай-ақ өзінің кәсіби өмірін жақында ғана байланыстырған, сонымен қатар заңнама, сот сараптамасы, сот орындау, заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікті тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу, халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру салаларында, сондай-ақ қаржы саласында жетістікке жеткен қызметкерлер кірді.
Ең үздік 30 қызметкердің қатарына кіргендер-әділет саласында ерекше қасиеттерге және тәжірибеге ие. Жұмыс пен өмірдегі шынайылықтың, патриотизмнің эталоны бола отырып, сондай-ақ отандық құқықтық жүйенің қалыптасуы мен жұмыс істеуіне елеулі үлес қосқан бұл адамдар өз әріптестері мен заңгерлердің жас буыны үшін үлгі болуға тиіс.
- 20.12.2021
- 183