- Блогтар
- Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.
Қызылорда облысының әкімі
Аймақ басшысы Қармақшы ауданындағы көпбалалы аналарға жаңа пәтер кілтін табыстады
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына барды. Сапар барысында аймақ басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай көпбалалы аналарға 10 пәтерлі 5 тұрғын үйдің кілтін табыстады. Жаңа үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Бір тұрғын үйдің жалпы ауданы 136,6 ш.м. құрайды.
Облыс әкімі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және жаңа жыл мерекесіне орай құттықтауын жеткізіп, әрбір шаңырақтың шаттыққа бөленуін тіледі.
- Баршаңызды еліміздің ең басты ұлық мерекесі - қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен және келе жатқан Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Баспанаға мұқтаж көп балалы, аз қамтылған отбасылар үшін мемлекетімізде тиісті жағдайлар жасалғаны белгілі. Жаңа жыл қарсаңында көп балалы аналарға қуаныш сыйлау мақсатында кезекте тұрған отбасыларға табыстағалы тұрмыз. Қоныс тойларыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңызға шаттық, отбастарыңызға құт-береке, амандық тілеймін!, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Салтанатты шарада көпбалалы ана Индира Қарашолақова мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға алғысын білдіріп, аудан тұрғындарына құттықтауын жеткізді.
Сонымен қатар аймақ басшысы қайта жаңғыртудан өткен жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалысына арналған лагерьдің жұмысын тексерді. Жыл бойы жұмыс істейтін лагерде медпункт, клуб, асхана, ұлдарға және қыздарға арналған бөлек жатын орындары орналасқан корпустар, спорттық ойын алаңдары, автотұрақ, шаруашылық және бу қазандығы ғимараттары бар. Бас мердігер «Промстройсервис-Е» ЖШС.
Облыс әкімі оқушылар үшін жақсы жағдай жасауды және танымдық бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі!
- 30.12.2021
- 202