• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЖАЛАҒАШТА 30 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына барып,  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жаңа тұрғын үйдің пәтер кілтін табыстады.

Салтанатты шарада облыс әкімі барша тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтап, құтты қоныс болуын тіледі.

- Баршаңызды алдымен қадірлі де қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы және Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!

Сыр елі қарқынды даму үстінде. Жыл сайын өңірімізде түрлі жаңа нысандар бой көтеріп, көркейіп-көріктене түсуде. Уақыт өткен сайын аудан халқының саны артып келе жатқаны сөзсіз. Бір шаңырақтан өрбіген ұрпақ бірнеше отбасы болып, жаңа отау көбеюде. Сондықтан, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі мәселе ретінде менің назарымда болады.

  Құрметті жаңа қоныс иелері! Жаңа баспаналарыңыз құтты болсын! Іші шаттыққа толып, балалардың күміс күлкісіне бөленсін!, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Жаңа тұрғын үй кілтін табыстау рәсімінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев көрсетілген қолдауға тұрғындар атынан алғыс білдіріп, мерекеге орай құттықтауын жеткізді.

Салтанатты шарадан соң аймақ басшысы 6 баланың анасы Әлия Қадырманованың шаңырағында болып, көпбалалы жанұяға газ плитасын сыйлады.

Айта кету керек, биыл облыс бойынша тұрғын үй құрылысына мемлекет қаржысы есебінен 9,8 млрд.теңге бөлініп, 61,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 45 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

Жалағаш ауданында биыл 1800 шаршы метр 30 тұрғын үй берілуде.

Мұнымен қоса аймақ басшысы биыл жаңадан бой көтерген Рәміздер аллеясыны барып, жұмысын саралады. Бас мердігер «Айбар-Ш» ЖШС. Ту тұғырының ұзындығы 25 метр, Тудың ұзындығы 3,6 метр құрайды. Жалпы аллея 50 сотық жерде орналасқан.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі!

  • 30.12.2021
  • 259
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика