• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ ТЕРРОРИСТІК АКТІДЕН ЖАРАҚАТТАНҒАН САРБАЗДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН БІЛДІ

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала нысандарын аралау барысында облыстық медициналық орталыққа барып, онда ем алып жатқан террористік шабуылдан жарақат алған сарбаздардың жағдайын білді және медицина саласының қызметкерлерімен пікірлесті.

Аймақ басшысы ауруханада ем алып жатқан 5 полиция және әскери қызметшінің жағдайын сұрады.

«Қадірлі сарбаздар, сіздер мемлекетімізді сақтап қалуда табанды еңбек етіп, анттарыңызға берік, Отанға деген адал қызмет атқарудың жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Сындарлы сәтте ұлт мүддесін қорғап, аса батылдықпен, жанкештілікпен тұрғындардың қауіпсіздігін қорғап қалу – ерлік пен азаматтықтың айқын дәлелі. Жауынгерлеріміз соғыс кезінде де, бейбіт заманында да азаматтық парызын аса жауапкершілікпен атқарып жүргеніне тағы да көзіміз жетті. Сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Тезірек сауығып, қызметке оралуларыңызды тілеймін. Осындай ержүрек ұл тәрбиелеген ата-аналарыңызға да рахмет, оларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова ақ халаттылардың төтенше жағдайдағы еңбегін жоғары бағалап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Құрметті медицина қызметкерлері, жанашыр жандар! Сіздер төтенше жағдай кезінде табандарыңыздан тік тұрып, қызметтеріңізге адалдық таныттыңыздар. Дәл қазіргі  сәтте елдің тұтастығы үшін бірлесіп әрекет етіп, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімдеріне қолдау білдіруге шақырамын! Төтенше жағдай режимі талаптарын ұстанып, қауіпсіздік шараларын күшейту маңызды. Елдің бірлігін сақтай отырып, мемлекет мүддесіне қызмет етейік!», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, 5 қаңтардан осы кезге дейін облыстық көпбейінді ауруханада 204 тұрғын медициналық көмекке жүгінсе 48 науқас ем алуда,    9 науқас жансақтау бөліміне жатқызылған.

 

©Облыс әкімінің баспасөз қызметі!

  • 14.01.2022
  • 231
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика