• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ БАСТАМАЛАРДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РӨЛІ ЖОҒАРЫ

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі бірқатар үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Басқосуда ел мүддесі жолындағы бірқатар мәселелер сараланып, алдағы уақытта бірлесіп атқарылуға бағытталған ұсыныстар айтылды.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, «Ұмай» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі» мекемесінің директоры, қалалық мәслихат депутаты Анар Ізден, «Ауғанстан соғысының ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайриддин Баймаханов, «Арал теңізі» қоғамдық қорының төрайымы Айнакүл Баймаханова және жауапты басқарма басшылары қатысты.

Аймақ басшысы үкіметтік емес ұйымдар түрлі жобалар атқарып, ел өміріндегі маңызды мәселелерде, әсіресе пандемияны еңсеруге белсенді үлес қосып, азаматтықтың жарқын үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті.

- Өңірдегі азаматтық қауымдастық көшбасшылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жанына топтасып, қазақстандықтардың өмір сүруі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру мемлекетпен қатар азаматтық күштер де білек сыбана кірісетін елдік шаруа деп білемін.

Осы орайда, Сыр өңірінің азаматтық қоғам өкілдері еліміздің жаңа тарихында орын алған «қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде облыс халқын келісім мен бірлікке шақырып, ахуалды тұрақтандыру барысында азаматтық белсенділіктерін танытты.

Қоғам белсенділері сын сағатта елдің қауіпсіздігін күзеткен әскерилерге моральдық қолдау білдіріп, волонтерлар мен меценаттар дүрбелең салдарынан зардап шеккен ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуда. Бізде өздеріңізбен аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешуде бірлескен сәтті жұмысымызды, азаматтық бастамаларды қолдауды одан әрі жалғастыратын боламыз, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сондай-ақ, басқосуда ҮЕҰ өкілдері жергілікті атқарушы орган тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға алғыс білдіріп, облыс әкіміне бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Атап айтсақ, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Анар Ізден «Қызылорда облысы бойынша «бір терезе» қағидаты негізінде үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету үшін азаматтық орталық жұмысын ұйымдастыру және дамыту» жобасы жүзеге асырылғанын, үкіметтік емес ұйымдарға Азаматтық қоғам өкілдері өңірдегі бірқатар әлеуметтік мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырып, мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Сонымен қатар барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің құрамын қайта қарап, кеңеске ҮЕҰ өкілдерін қосу жолдарын қарастыруды ұсынды. Аймақ басшысына Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы үйлестіру кеңесінің төрайымы болу және стандарт негізінде жұмыс жасайтын мониторинг, бағалау жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстарын жеткізді. Мұнымен қоса, Анар Ізден экология, NEET санатындағы жастар және тағы басқа маңызды жобаларды жүзеге асыруға қаржылай қолдау көрсетуді сұрады.

Ал, «Ауғанстан соғысының ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайраддин Баймаханов Мемлекет басшысының бастамалары негізінде әлеуметтік жобаларды әлі де дамыту мәселелерін қозғаса, «Арал теңізі» қоғамдық қорының төрайымы Айнакүл Баймаханова мемлекеттік тапсырыс барысында кездесетін кедергілерді зерттеп, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіруді ұсынды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова көтерілген мәселелер аймақ үшін маңызды екенін атап өтіп, алдағы уақытта заңға сәйкес жүзеге асыру жолдары қарастырылатынын атап өтті. Әсіресе NEET санатындағы жастармен жұмысты күшейтіп, пандемия қиындықтарын бірлесіп еңсеру қажет екенін баса айтты. Сондай-ақ, экономикалық күрделі жағдайда ҮЕҰ халық арасындағы көтеріліп жүрген өзекті мәселелерді мемлекеттік органдарға дер кезінде жеткізіп, екі жақты келісім орнатуға жұмыс жасау қажет деп тоқталды.

Жиын соңында аймақ басшысы үкіметтік емес ұйымдарды күш-жігерді біріктіріп, бар қиындықтарды жеңуге үндейтін Президенттің Жаңа Қазақстанды құру бастамасын қолдауға шақырды.

Айта кетейік, биыл 105 жобаға 765 млн. теңге қаржы қарастырылды. Сондай-ақ, облыстағы үкіметтік емес ұйымдар саны жылдан жылға көбейіп, бүгінде олардың қатары 1000-ға жуықтады.

 

 

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі!

  • 19.01.2022
  • 235
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика