- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
2022 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
2022 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті (ZOOM платформасында).
Қоғамдық кеңестің жиналыста Қоғамдық кеңес қызметінің ұйымдастыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, С.Ғ. Темирбулатов Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды, президиумға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры Р.Қ. Сарпеков пен Республикалық сот сарапшылары палатасының төрағасы
А.Қ. Бекмаганбетов сайланды және Қоғамдық кеңес туралы ереже бекітілді.
Сонымен қатар, отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің медиа – жоспары бекітіліп, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Құқықтық ақпарат қызметі жұмысының қорытындысы қаралды. Сондай-ақ Қоғамдық кеңес осы қызметтің жұмысы бойынша ұсыныстар еңгізді.
- 24.02.2022
- 186