- Блогтар
- Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.
Қызылорда облысының әкімі
ДАЛА ӨРТТЕРІН АЛДЫН АЛУ, КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНАН САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысын өткізіп, 3 мәселені қарады. Атап айтсақ, су басу қаупі туындаған жағдайда қабылданатын шаралар, 2021-2025 жылдары елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарының орындалуы және орман, дала өрттері бойынша жергілікті атқарушы органдармен атқарылған жұмыс нәтижелері мен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстары.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, аппарат басшысы Ерлан Райғаниев, қала әкімі Ғанибек Қазантаев, салалық басқарма мен департамент басшылары және онлайн режимінде аудан әкімдері қатысты.
Алдымен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Мұса Қалдарбеков облыс көлемінде орналасқан елді мекендерді су басу қауіпі жоқ екендігін тілге тиек етіп, су алу қаупі туындамас үшін қажетті амалдар мен техникалардың дайындығы мәселесіне тоқталды. Мәселен, су тасқынына қарсы жұмыстарға пайдаланылатын материалдық-техникалық қорлар бойынша барлығы 161,2 тонна жанар-жағар май қоры және 118 700 дана қап сақтауда тұр. Сондай-ақ, Қызылорда қаласы мен аудандарда сең жүру кезеңінде халықты көшіруге арналған 83 эвакуациялық жинақтау және 102 қабылдау пункті дайындыққа келтірілген.
Екінші мәселеге қатысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Буыржан Ізбасаров өткен жылы 13 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл орман қорының былтырғы жылғы көрсеткішімен салыстырғанда 3,7 есеге төмен екендігін жеткізді.
Өрт қауіпті кезеңде құрамында 2027 адам, 8 өрт сөндіру автокөлігі мен 421 бейімделген техникасы және 21 мотопомпасы бар, барлығы 168 өртке қарсы ерікті құрылымы жасақталған. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп қала және аудандар бойынша құрамында 62 адам бар 14 мобильді топ құрылды. 2021 жылғы өрт қауіпті кезеңде мобильді топпен 514 рет рейдтік шара жүргізілді.
Аймақ басшысы «2021-2025 жылдарға мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде кезең-кезеңмен өрт бекеттерін құру» жоспарына сәйкес өрт сөндіру бекетін құруды және оларды бөлек ғимараттар мен қажетті құрал-саймандарымен жарақтандыруды, елді мекендердегі өрт сөндіруге бейімделген техникаларды жарамды күйде ұстап, өртке қарсы су көздерімен қамтамасыз етуді және жергілікті атқарушы органдарымен құрылған өрт бекеттері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Мұнымен қоса, теміржол және автокөлік жолдарының бойында, егістік алқаптарға жаңа минералдық жолақтар жүргізіп, ескі жолақтарды қайта қалпына келтіру мен өрт қауіпті кезеңде орман шаруашылығына қарасты өрт сөндіру жасақтарының күшейтілген режимде жұмыс жасауын ұйымдастыруды жүктеді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова өңірде геморрагиялық қызбасының 12 жағдайы тіркелгенін айтып, өлім жағдайы орын алмағандығын растады. Бұл үшін 239 елді мекеннің аумағына тоталды түрде зоопаразитологиялық зерттеулер жүргізілді, оның ішінде 113-і қолайсыз елді мекендер болды.
Департамент басшысы биыл кенелердің сандық көрсеткіштері жоғары екенін айтып, эпидемиологиялық ахуал «қолайсыз» болатындығын назарға салды.
Атқарылған жұмыстарды саралаған облыс әкімі эпидмаусымда қабылданатын шараларға қатысты бірқатар тапсырма берді.
- Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының көктемгі залалсыздандыру жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілуін және ветеринария мамандарының бірге жүруін қамтамасыз ету қажет. Елді мекендерде уақ малдарды ванналарда тоғыту жұмыстарын ұйымдастыру үшін қажетті препарат мен су мәселесін шешу жолдарын қарастыру керек. Тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында ветеринария мамандары алдын ала түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізсін, - деді Г.Әбдіқалықова.
Жиын соңында аймақ басшысы көктемгі залалсыздандыру жұмыстарының кестеге сәйкес сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуді және облыс бойынша елді мекендердегі мал қоралары мен мал басына жүргізілген көктемгі дәрілеу (дезинсекциялау) жұмыстарының тиімділігі бойынша талдау жасап, баяндауды тапсырды. Сондай-ақ, елді мекендер айналасында санитарлық қорғаныш аймағын құру жұмыстарына қажетті дезинсекциялық препараттар мен зертханалық зерттеу диагностикумдар қорының жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажет екенін баса айтты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі!
- 25.02.2022
- 282