• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өткен аптада маңызды екі кездесу болды. Үндістан мен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілері Шубдаршини Трипати және Кэтрин Личпен кездестім.

Өткен аптада маңызды екі кездесу болды. Үндістан мен Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілері Шубдаршини Трипати және Кэтрин Личпен кездестім.

Бір ай бұрын «Үндістан – Орталық Азия» саммитіне қатысқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру саласындағы ынтымақтастық мәселесін көтерген болатын. Осы тақырыпты талқылаған кездесуде қазақ-үнді Үкіметаралық комиссиясы мен ІТ саласында ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы аясында екіжақты серіктестікті дамытып, тәжірибе алмасуды ұсындым.

Бүгінгі таңда біз ҚР ЦДИАӨМ мен ҮР Электроника және ақпараттық технологиялар министрлігі арасында ІТ саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отырмыз. Меморандумды Astana Hub және Bagmane технологиялық паркі дайындауда. Соның ішінде Қазақстанда Astana Hub негізінде Үндістанның ІТ ұйымдарының инженерлік офистерін және ІТ-мектептерін ашу туралы ұсыныс бар.

Сондай-ақ Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Қазақстандағы елшісі Кэтрин Личпен ғарыш, ІТ-сала, инфрақұрылымды дамыту және Smart City бойынша бірқатар мәселелерді талқылап, екіжақты ынтымақтастық жайлы сөйлестік.

Былтыр OneWeb британдық спутниктік компаниясымен бірге кеңжолақты байланыстың демонстрациялық жобасын іске қосқан едік. Осы орайда OneWeb компаниясы «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-мен бірге ауылдық елді-мекендерді интернетпен қамтамасыз ету үшін радиожиілік спектрді пайдалану және жерүсті стансаларын салу бойынша нақты қадамдарды пысықтады.

Былтыр қазан айында Digital Bridge форумы аясында OneWeb және Ghalam арасында жалпы сомасы 15 млн АҚШ долларына спутниктерге тапсырыс беруге ниеттену туралы құжатқа қол қойылған болатын. Ghalam контракт жобасын жедел түрде жасауға дайын екендігін елшіге айттым. Халықаралық стандарттарға сай екендігі расталды және өндіріс учаскілері тапсырыс қабылдауға дайын.

Сонымен қатар білім беру және кадр дайындау мәселесін де талқыладық. Бізге 2025 жылға дейін 100 мың мықты ІТ-маман дайындау міндеті жүктелген, бұл орайда Ұлыбританияның тәжірибесі аса пайдалы болары анық.

  • 01.03.2022
  • 319
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика