• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ ТАСБӨГЕТ ЖӘНЕ БЕЛКӨЛ КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған өзекті мәселелер өз уақытында шешіледі. Қалаға қарасты шеткері аймақта орналасқан елді-мекендерді аралаған облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Тасбөгет және Белкөл кенттеріне де барды.

30 мыңнан аса тұрғыны бар Тасбөгет кентінде биылдан бастап спорттық сауықтыру кешенін салу жоспарлануда. 150 орынға арналған кешен құрылысына қажетті жұмыстарды саралап өткен облыс әкімі халықтың талап-тілегін тыңдап, жас спортшылармен де кездесті. Тұрғындар демографиялық өсімге байланысты қазіргі емханадағы орын тапшылығы, спорттық нысан салу, жастарды жұмысқа тарту сынды мәселелерге мән беруді сұрады.

- Жастардың бос уақыты болмас үшін, әрі назарын спортқа бұру үшін кентте спорттық сауықтыру кешенін саламыз. Ол үшін қажетті қаражатты қарастырамыз. Мұнан бөлек, емханадағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін фтизиопульмонология орталығын Талсуаттағы орталыққа көшіріп, бұл нысанды емханаға ыңғайлы етіп бейімдеп, жөндеу жұмыстарын жүргізетін боламыз. Сол арқылы өздеріңіз айтқан орын тапшылығы мәселесін жоямыз. Сіздер айтқан әрбір ұсыныстарды зерделеп, жан-жақты саралап, кезең-кезеңімен шешеміз,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Аймақ басшысы кент әкіміне жастарды жұмыспен қамту ісінде нақты алгоритм әзірлеуді және жұмыссыз жүрген жастарды санатына қарай бөлу, оларды сұранысқа ие салаларға бейімдеу ісін нақты жүргізу қажеттігін ескертті.

Әрі қарай облыс әкімі Белкөл кентіне барып, тұрғындармен бірге ортақ мәселелерді талқылады. Мұнда бірнеше жылдан бері темір жол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салу мәселесі айтылып келді. Ұзындығы 110 метр, биіктігі 8 метрді құрайтын көпір құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Облыс әкімі көпір салу ісінің тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өзекті екенін алға тартып, мердігер компания басшысына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Еске салайық, облыс әкімі осы уақытқа дейін 100-ден аса ауылға барып, тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Әлеуметтік мәселелерді шешу нәтижесінде өңірде газбен қамту 67%, жақсы жолдардың үлесі 75%, ауыз су жүргізу 98% жеткен.    

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

  • 02.03.2022
  • 296
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика