• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАЛАҒАШТА ШАРУАЛАРМЕН ЕГІН МӘСЕЛЕСІН ПЫСЫҚТАДЫ

Өткен аптада Арал, Қазалы, Қармақшы ауданындағы шаруа қожалықтарының иелерімен кездескен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бүгін Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған жиын өткізді.

Аймақ басшысы аудан шаруаларының тыныс-тіршілігі сумен тығыз байланысты екенін ескере келе, вегетациялық кезеңде тіршілік көзін үнемді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.

- Бүгін Сіздермен кездесіп, ұсыныстарыңызды тыңдау үшін жиналып отырмыз. Биыл да судың тапшылығы айтарлықтай байқалады. Көксарайға су жиналмай қалу қаупі бар. Сондықтан қуаңшылықтың алдын алу шараларын кешенді жүргізу үшін Сіздердің қолдауларыңыз қажет. Тығырықтан шығудың балама жолдары мен тиімді тетіктерін қарастыру үшін әрбір ауданда космотүсірілім жасалып, су деңгейі аз баратын жерлерге насос қондырғыларын орнатып, ұңғыма тарту, каналдарды тазалау жұмыстарын кестеге сәйкес орындау қажет. Биыл бюджет есебінен Жалағаш ауданына 6 насос қондырғысы алынады. Егіс кезінде тапшылықты ескере отырып, басқа да дақылдарды егудің амалын іздестіргеніміз дұрыс,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Отырыста аудан әкімі Асылбек Шәменов егін шаруашылығын дамытуға байланысты бірнеше ұсынысын жеткізді. Яғни, минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтердің құнын арзандату үшін мемлекеттен төленетін субсидияның көлемін 50 пайызға дейін көтеруге, көктемгі егінді сапалы және мерзімінде орналастыру үшін жеңілдетілген дизель жанармайын жеткізіп беруші операторлардың шаруашылықтарға төмендетілген бағада жеткізіп беру мәселесін қозғады. Сондай-ақ, бірқатар шаруа қожалық иелері мал басын көбейту, өңірде тыңайтқыш өндірісін қолға алу, субсидия беру тәртібіне қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Жиынды қорытындылаған Гүлшара Әбдіқалықова аудан әкімі мен салалық басқарма басшыларына су лимитінің мөлшеріне қарай су жеткізу кестесін әзірлеу, егінге қажетті аяқ суды дұрыс пайдалану үшін арықтар мен каналдарды қазу, насос орнату жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар, ұңғымаларды тарту бойынша жобалық-сметалық құжатты әзірлеуді, тұрақты эпизоотиялық ахуал қалыптастыру үшін төрт түлікті вакцинациялау жұмыстарын кешенді жүргізу тапсырылды.

Облыс әкімі Жалағаш ауданына жасаған жұмыс сапары аясында Қаракеткен ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, пікірлесті. Ауыл ақсақалдары аяқ су, ескірген электр желісін ауыстыру мен жаңа ауылдық клуб ғимаратын салуға көңіл бөлуді сұрады.

Тұрғындардың талап-тілегін тыңдаған аймақ басшысы ауылдық клубты жөндеу үшін қажетті құжаматталарды рәсімдеп, қаржы қарауға ықпал жасайтынын жеткізді. Ал, аяқ су мәселесін реттеуге септігін тигізетін ұңғыма қазу жұмыстары шешілетінін қаперге салды.

 

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

  • 15.03.2022
  • 239
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика