• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бүгін Үкімет отырысында Президент Жолдауын іске асыру мәселесі бойынша сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы өзінің 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында саяси реформалардың 10 негізгі бағытын белгіледі.

Бүгінгі күні осы Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың жобасы әзірленді. Ол нормативтік сипаттағы келесі шараларды көздейді.

Бірінші. Конституцияға:

- Президент өкілеттігі,

- оның лауазымда болуына байланысты шектеулер,

- Орталық сайлау комиссиясының, Есеп Комитетінің, Конституциялық Кеңестің төрағалары мен мүшелерінің саяси партиялардан шығуы,

- Парламент Сенаты мен Мәжілісін қалыптастыру тәртібі және оның функциялары,

- республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетін Жоғары Аудиторлық Палатаға қайта құру,

- мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі,

- азаматтардың, Бас Прокурордың және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің де өтініш жасауына мүмкіндік бере отырып, Конституциялық Сот құру,

- өлім жазасын жою туралы шешімді Конституцияда бекіту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу.

Осы блок бойынша заң жобасын әзірлеу 2022 жылғы сәуірде жоспарлануда.

Екінші. Конституциялық заңдарға және басқа заңдарға:

- әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салу,

- Парламент Сенаты мен Мәжілісін қалыптастыру тәртібі және оның функциялары,

- Конституциялық Кеңестің және Жоғары Сот Кеңесінің төрағалары қызметіне кандидатураларды келісу,

- Жоғары Аудиторлық Палата құру туралы,

- мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі мен олардың функциялары,

- саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату,

- прокуратура мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша,

- сайлау процесін жетілдіру,

- алқабилер сотының қатысуымен істер санаттарын кеңейту,

- бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау,

- жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер енгізу.

Осы блок бойынша Конституциялық заңның және заңның жобаларын әзірлеу 2022 жылғы тамызда жоспарлануда.

Үшінші:

- Абай, Ұлытау облыстарының құрылуы, Алматы облысының Жетісу және Алматы облыстарына бөлінуі,

- облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарларының саны бойынша шектеу мәселелеріне байланысты Президент жарлықтары мен Үкімет қаулыларын қабылдау.

Осы блок бойынша Президент жарлықтары мен Үкімет қаулыларының жобаларын әзірлеу 2022 жылғы маусымда жоспарлануда.

Әділет министрлігі заң жобаларын әзірлеу бойынша қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуде.

  • 18.03.2022
  • 233
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

Сәрсембаев Е.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика