• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
СЫР ӨҢІРІНЕ КЕЛГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ЕГІННІҢ ЖАЙЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қызылорда өңіріндегі жұмыс сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықовамен бірге көктемгі егіс науқаны мен мал шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған арнайы жиын өткізді. Отырысқа "Байтерек" Ұлттық Басқару Холдингі» акционерлік қоғамының Басқарушы директоры Айгүл Джуанышбаева, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Айдар Прашев, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары Асылхан Джувашев және аудандағы шаруашылық иелері қатысып, көкейде жүрген сауалдары бойынша өзара пікірлесті.

Жиында аймақ басшысы биылғы су деңгейінің тапшылығына байланысты суды аз қажет ететін өнім түріне ден қою, Үкіметпен бекітілетін су лимитіне қарай әрекет ету, каналдарды тазалау, насос қондырғыларын орнату мәселесінде қолға алынған жұмыстарды тізбеледі.

- Биылғы жылы да су мәселесі өткен жылғыдай өзекті болғалы тұр. Бұл вегетациялық кезеңде су тапшылығының орын алуына және жайылымдықтар мен шабындықтарды суландыруға әсер етеді. Осыған байланысты Үкімет резервінен бөлінген қаржыға барлығы 21 канал тазалау, 52 ұңғыманы жөндеу және бұрғылау, 133 дана насос қондырғысын алу жоспарымызда бар.

Біз осыған дейін барлық аудандағы шаруалармен кездесіп, лимит аясында егілетін өнім көлемін нақтылау ісінде ортақ шешімге келу үшін басқосып, талқылап келеміз. Сіздерде көкөніс егудің шығымы әлдеқайда жоғары болғандықтан, шаруашылықтардың әрбірі өнім көлемін сақтау ісінде тиімділік жағына мән беруі қажет. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ бірлесіп, қажетті картоп, сәбіз, пияз және басқа да өнімдерді егіп, тұрақтандыру қорына ұсынып, сырттан өнім алуға деген тәуелділікті азайтуға жұмыс істейік, - деді Г.Әбдіқалықова.

Отырыста бірқатар басқарма басшылары вегетация кезеңінде іске асырылуға тиіс жұмыстардың жоспарын баяндаса, аудан әкімі Руслан Рүстемов егіске дайындық барысы мен Келінтөбе магистралды каналының бас сағасына Су тоспасы құрылысын салу бойынша ұсыныс айтты.

Жиында бірқатар шаруа қожалық иелері субсидия алу, жем-шөп тасымалдау, су қорына қатысты өзекті сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді

Басқосуда көтерілген әрбір ұсыныстарды тыңдай келе Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қаршөкеев шаруаларды алаңдатқан мәселелерге қатысты нақты жауап берді.

- Биылғы жылы Президент тапсырмасы негізінде көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайды. Біріншіден, "Кең дала" бағдарламасы арқылы жыл сайын 70 млрд.теңге қаражат бөлінсе, биыл соны екі есеге ұлғайтуға мүмкіндік алғалы тұрмыз. Қазір республикалық бюджетті нақтылау процессінде тұр. Екіншіден, Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы арқылы форвардтық сатып алу үшін жыл сайын 40 млрд.теңге бөлініп келді. Оның көлемін 80 млрд.теңгеге ұлғайтып жатырмыз.

Ал, биылғы күрделі кезеңді ескере келе, субсидияны алу тәртібінің жаңа ережесі келесі жылдың 1 қаңтарына қалдырып, субсидия беруді ескі жүйе бойынша іске асырамыз. Былтыр 2022 жылға республика көлемінде субсидиялауға 309 млрд.тенге қаржы қарастырылған еді. Президент тапсырмасы аясында қаржы көлемін 388 млрд.теңгеге ұлғайту туралы ұсыныс бердік. Бұл былтырдан қалған қарызды өтеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, ауылшаруашылық өнінімінің бағасын тұрақты ұстауға септігін тигізеді. Сонымен бірге, субсидиялаудың бірыңғай ақпаратын енгізетін жаңа жүйені дайындадық. Бұл бұрынғы қолданыстағы жүйеге қарағанда фермерлерден артық құжаттарды әрі қаржыны талап етпейді. Барлығы автоматты түрде іске асырылады,-деді Ербол Қарашөкеев.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

  • 29.03.2022
  • 256
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика