- Блогтар
- Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
«Astana hub» стартаптар халықаралық технопаркіне шетелдік компаниялардың релокациясы бойынша біраз сұрақтар түсуде. Бізге көрші елдерден ІТ-мамандар келіп жатқанына да бірнеше жыл болды. Сондай компаниялардың бірі - inDriver. Қызметін қазақстандықтар да пайдаланатын осындай команданың келгеніне біз қуаныштымыз.
«Astana hub» стартаптар халықаралық технопаркіне шетелдік компаниялардың релокациясы бойынша біраз сұрақтар түсуде. Бізге көрші елдерден ІТ-мамандар келіп жатқанына да бірнеше жыл болды. Сондай компаниялардың бірі - inDriver. Қызметін қазақстандықтар да пайдаланатын осындай команданың келгеніне біз қуаныштымыз.
Айта кету керек, Astana_hub әуел бастан халықаралық технопарк ретінде құрылған. Әлемдік деңгейдегі компаниялар мен мамандарға мүмкіндік беру арқылы біз өзімізге де тиімді жағдай қалыптастырамыз: шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу және қазақстандықтар үшін жұмыс орнын көбейту.
Бүгінгі таңда Хабта 641 ІТ-компания тіркелген, соның ішінде 70-сінде шетелдік құрылтайшылар. Қазір жақын шетелдің 468 компаниясы Қазақстанға релокация бойынша бізден кеңес алып жатыр.
Неліктен шетелдік компаниялар үшін Астана Хабты, яғни Қазақстанды таңдау тиімді? Бұл ретте технопаркте қандай жағдай жасалғанын қысқаша айтып өтейін:
1. Арнайы САЛЫҚ тәртібі. ХАБта тіркелген компаниялар салық төлемейді, корпоративтік салық - 0%! ІТ-компанияларға мұндай жеңілдік 4 жыл бұрын жасалған. Көрші елдер мұндай жеңілдікті жуырда ғана енгізді, ал кейбір елдер енді ғана жоспарлап жатыр.
2. Заманауи ИНФРАҚҰРЫЛЫМ. 20 мың шаршы метрді арзан бағамен пайдалануға болады! Бұл офистер ғана емес, кездесу орындары, брейнсторминг мен тимбилдинг өткізетін жерлер. Оның үстіне, стартаптар – технопарк бағдарламаларының резиденттері ХАБта жұмыс алаңдарын тегін пайдалана алады.
3. ВИЗАЛЫҚ қолдау. Біздің ІТ-ХАБта тіркелген компаниялардың жұмысшылары үшін виза алу мен миграциялық процестер жеңілдетілген. Біз тек тіркелу процесіне ғана емес, релокация мәселесінде де, яғни қызметкерлерді көшіру, үй-жай табу бойынша ұйымдастыру жұмыстарына да көмектесіп жатырмыз. Ал ЕАЭО елдерінің ІТ-мамандарына ештеңе ресімдеудің де қажеті жоқ, бірден келіп, жұмыс істей беруге болады. Тек ЖСН алу керек, онлайн жасауға болады немесе біздің мамандар көмектеседі.
4. SEED stage кезеңінде венчурлық қаржыландыру. ХАБ-тың өзі стартаптың бастама кезеңінде 40 мың долларға дейін салады! Еquity кірмей-ақ!
5. Венчурлық қаржыға қолжетімділік болмаса, біздің индустриядағы ХАБ дегеннің мәні болмайды. Инвестиция құюға тұрарлық стартаптарды табу мақсатында түрлі іс-шараларды жиі өткіземіз! Біздің серіктесіміз VC жыл сайын қызықты стартаптарға 100 млн долларға дейін бөлуге дайын.
6. Акселерация курстарына тегін қатысуға болады. Барлық командалар акселерация бойынша курстардан өткен. Бизнесін дамытқысы келетін жас стартаперлерге әлемнің кәсіби менторлары кеңес беріп, оқытып, бағыт-бағдар сілтейді.
7. Мемлекет тарапынан жекеменшік инновациялық ІТ-мектептерге сұраныс бар. Яғни ІТ-мамандығын игергісі келетін кез-келген адам TechOrda бағдарламасы бойынша ІТ-ваучерге қол жеткізе алады. Және ІТ-ваучер кез-келген ІТ-мектепте жарамды.
8. Елге келмей-ақ, заңды тұлғаны тіркеуге болады! eGOV арқылы. ЖСН мен ЭЦҚ-ны Қазақстан елшілігі береді. Осылайша біздің елде кәсібіңізді оңай әрі тез бастауға болады! Оның үстіне, биылдан бастап басшыны өзгертуге қатысты мәселе де онлайн шешіледі. Басқа елдерде мұндай мүмкіндік жоқ!
9. Қазақстанда ІТ-бизнесті іске қосу және релокация мәселелері бойынша телеграмда арнайы чат аштық – https://t.me/+uwNsTKMdI7oyZTUy. 3 мыңнан астам қатысушысы бар чатта ХАБтағы әріптестеріммен бірге түрлі сауалдарға жауап берудеміз.
10. Қазақстан – жүзден астам ұлт пен ұлыс тұрып жатқан қонақжай ел. Біздің елдің игілігі үшін еңбектеніп, дамуына үлес қосатын кісілерге есігіміз ашық.
11. Біздің елде еңбектеніп, заңды тұлға ашқысы келетіндер үшін Астана Хабтың мамандары арнайы нұсқаулық әзірледі: https://astanahub.com/l/welcome-page-all
- 29.03.2022
- 245