• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ ЯКУП БЕРИШПЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш және оның орынбасары Виталий Времишпен кездесіп, ұйымның бірқатар жобасын Сыр өңірінде жүзеге асыру барысын талқылады.

Кездесуде аймақ басшысы БҰҰДБ өкілдеріне көпжылдық тиімді әріптестік үшін алғыс білдіріп, өңірдегі өзекті мәселелерді тізбектеді.

 «Әлеуметтік-экономикалық даму, жұмыспен қамту, халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейінің өсуі, экология, қоғамдық-саяси ахуал мәселелері біз үшін әрқашан өзекті. Облыстық деңгейде біздің ерекшеліктерімізді ескере отырып, біз жаңа жұмыс орындарын құру бойынша қосымша шаралар қабылдаймыз. Дегенмен, жұмыспен қамту мәселелері бізде әрқашан басым мәселелердің қатарында», - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі білім саласын жетілдіру, өңірде экологиялық проблемалар, оның ішінде су тапшылығын алдын алу мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды  атап өтті.

Жиында Якуп Бериш жоба ретінде аймақта жүргізілген жылдам кешенді бағалау нәтижелерін таныстырды және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бағытында бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы ұсыныс айтты.

Тараптар өңірдегі әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге бағытталған бірлескен жобалар бойынша, соның ішінде жұмыссыз жастарды қолдау, "жасыл" бизнесті дамыту және әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша қолдау туралы келісті.

Кездесу соңында аймақ басшысы БҰҰДБ өкілдеріне тиімді әріптестік аясын одан әрі кеңейтіп, нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Айта кетейік, БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериштің Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында «Стокгольм+50» ұлттық диалогын іске қосу жөніндегі семинар ұйымдастырды. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар бастамаларының, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

 

 

©Облыс әкімінің баспасөз қызметі

  • 30.03.2022
  • 213
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика