• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Сырдария ауданына барды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Сырдария ауданына барып, Ақжарма ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ақсақалдар ауылға қатынайтын жедел-жәрдем көлігінің тозығы жеткендігін және мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мән беру сынды мәселелерді көтерді. Облыс әкімі әрбір ауылдың әлеуметтік мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әрбір ұсыныстың ескерілетінін жеткізді.

Одан кейін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Тереңөзек кентіндегі «Мансұр» жеке спорт клубы мен «Бақнұр-Бөбек-3» бөбекжай-балабақшасының жұмысымен танысты. Мұнда спортпен шұғылданып жатқан жастармен тілдесті. Спорт клубы 2020 жылы пайдалануға берілді. Жаттығушылар шахмат, дзюдо, қазақ күресі, таеквондо спорт түрлерімен айналысады. 8 тұрғын жұмыспен қамтылған. Ал, «Бақнұр-Бөбек-3» балабақшасының жұмысы 2015 жылы басталған. 150 орындық мектепке дейінгі ұйымда кітапхана, әдіскерлер мен оқыту бөлмесі бар. Облыс әкімі білім саласына инвестиция құюға мүдделі жеке кәсіпкерлердің қатары артып жатқанын тілге тиек етіп, балалардың лайықты білім алуына қажетті шараларды жалғастыру қажеттігін жеткізді. 

Жұмыс сапары аясында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сырдариядағы Қалжан Ахун ауылдық округінде медициналық пункттің жұмысымен танысып, ауыл халқының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Елдің азаматтары медициналық пунктке күрделі жөндеу жұмысы қажет екенін айтып, аяқ су мәселесін шешіп беруді сұрады. Облыс әкімі мемлекеттік бағдарламалар арқылы медициналық бекетке арналған ғимаратты қайта жөндеу жұмыстарына тиісті қаржы бөлу мәселесі қаралғанын айтып, аяқ су мәселесіне қатысты сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.

Сонымен қатар аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова 1600-ден астам тұрғыны бар Сәкен Сейфуллин ауылының азаматтарымен пікірлесіп, толғандырып жүрген сауалдарын тыңдады.

Кездесу барысында мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізу, көгілдір отынға қосылу, жол салу, тұрғын үй құрылысы, бизнеске «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы арқылы аз пайызбен несие алу мәселелері айтылды.

Өңір басшысы "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы арқылы аймақта бірнеше ауылдың инфрақұрылым мәселесі жақсарғанын назарға салып, бизнес жасауға ынталы азаматтарды қолдау қажеттігін атап өтті.

Облыс әкімі Асқар Тоқмағамбетов ауылдық округтеріндегі тұрғындармен кездесуінде бірқатар әлеуметтік мәселелерді талқылады. Оның ішінде елді-мекенді газға қосу, жол салу, амбулаторияны жөндеуге қатысты сұрақтар бар. Сонымен қатар, азаматтар жер үлесі мәселесін көтерді. Аймақ басшысы жер дауы мәселесі заң аясында екі тараптың бірлескен шешімі негізінде түйіні тарқатылатынын еске салды.

Айту керек, осы кезге дейін облыс әкімі 120-ға жуық елді мекенді аралап, түйінді мәселелерді саралай келе түпкілікті шешім қабылдауға ықпал етуде.

  • 31.03.2022
  • 246
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика