• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН СЫР ЕЛІ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алғашқы жұмыс сапарын киелі Қорқыт ата мемориалдық кешенінде ел алдында жүрген зиялы қауым өкілдері мен ардагерлермен кездесуден бастады.

Басқосуға облыстық мәслихат хатшысы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, барлық ауданның ардагерлер кеңесінің төрағалары мен мәслихат хатшылары қатысты.

«Бірлігі жарасқан Сыр елі» атты іс-шара барысында аймақ басшысы ақсақалдар қауымы қашанда елдің бірлігі мен ынтымағын сақтауға айрықша үлес қосып жүргенін атап өтіп, ел ағаларымен жиі пікірлесіп, ұсыныстарын тыңдауға әзір екенін жеткізді.

- Ардақты ағаларым! Қасиетті Рамазан айында киелі Қорқыт бабамыздың басында Өздеріңізбен бас қосқанымызға өте қуаныштымын. Маған үлкен сенім білдіріп, туған жеріме қызмет жасауға мүмкіндік берген Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына алғысым шексіз. Өздеріңіздің қолдауларыңызбен алдағы кездерде әріптестерімізбен бірге елдің, Президентіміздің сенімінен шығу үшін осы кезге дейін жинаған барлық күш-жігерімді, білімімді аямай жұмсаймын деп сендіргім келеді, - деді облыс әкімі.

Өз кезегінде ардагерлер қауымы аймақ басшысының алдағы істеріне сәттілік тілеп, алғашқы қадамды жиналыстан емес, бүгінгідей киелі жерден бастағанына ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында аймақ басшысы зиялы қауымға алғысын айтып, Президент ұсынған жаңа реформаларды бірге жүзеге асыруға, Жаңа Қазақстанды бірлесе дамытуға шақырды.

Игі шарада құрбан шалынып, аймақ басшысы мемориалдағы мұражайдың жұмысымен танысты. Мұнан кейін облыс әкімі Жосалы кентіндегі «Мәңгілік ел» монументі алдында арша көшеттерін отырғызды.

 

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

  • 14.04.2022
  • 238
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика