• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ИГІЛІГІН КӨРМЕК

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапары аясында Әйтеке би кентіне жақын орналасқан Қазалы қаласын табиғи газға қосу салтанатты шарасына қатысты.

Аймақ басшысы тұрғындарды көптен күткен қуанышымен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

- Облыста барлық аудан орталықтары мен Байқоңыр қаласы «көгілдір отынға» қосылды. Мұнан бөлек, Сексеуіл, Төретам мен Ақай елді мекенін газдандыру кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Биыл құны 3,2 млрд теңгеге газдандыру жобасы жүруде. Қызылорда қаласына жақын «Наурыз», «Ж.Махамбетов», Шиелі ауданындағы «Алғабас», «Ақмая» ауылына газ тарту жұмыстары өтуде. Міне, бүгін Қазалы қаласындағы газдандыру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беріліп отыр.

Биыл жыл соңына дейін ауданға қарасты Жалантөс батыр, Қ,Пірімов, Басықара ауылдары газға қосылады. Нәтижесінде облыс тұрғындарының 68% табиғи газға қол жеткізетін болады.

Қазыналы Қазалы қаласына газ берілуімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасынан жылу кетпесін!, - деді Н.Нәлібаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы алау оты жағылған Махамбетжановтар отбасына барып, қуанышына ортақтасты.

Мердігер мекеме «МБК Құрылыс» ЖШС 1 млрд 26 млн теңгеден астам қаржыға 60 шақырымға жуық құбыр желілерін тартып, газ реттегіш құрылғылар орнатқан.

 

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

  • 19.04.2022
  • 233
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика