• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Н.Нәлібаев: Әрбір мәселені өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен орнықты түрде шешетін боламыз

Арал ауданына сапарлап, әлеуметтік нысандарды саралаған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кеңейтілген жиын өткізіп, ауданның өзекті мәселелерін саралады.

Актив отырысына облыстық мәслихат хатшысы, ауданның зиялы қауым өкілдері, аудан ардагерлері, мәслихат депутаттары, түрлі мекеме, кәсіпорын және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Жиында аймақ басшысы аудан үшін өзекті шешімін күттірмейтін мәселелерді тізбектеп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Әр азаматтың туған жеріне адал әрі жауапкершілікпен қызмет етуі перзенттік парызы деп санаймын. Қашанда халық бірлігі сарай салып, қамал алғызған. Әрбір қолға алған ісімізді бірлікпен, асқан жауапкершілікпен атқарсақ ғана кез келген қиындықтан сыр бермей шығамыз. Бұл жолда Президент ұсынған «Жаңа Қазақстан» бастамасын қолдай отырып, әрбір мәселені өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен орнықты түрде  шешетін боламыз.

Киелі топырағында талай сындарлы кезеңдерді бастан өткерген Арал, бүгінде теңізі мен су маржаны арқылы әлемге әйгілі. Таңертеңнен бері бірқатар проблемалық нысандарды аралап, тұрғындармен кездестім. Елдің ахуалын, тұрғындардың жағдайы мен халықтың тұрмыс-тіршілігін көзбен көріп келемін.

Ел игілігі үшін салынған, ғасыр жобасына баланған «Көкарал» бөгеті де бүгінде тікжақтауын су шаюына байланысты біршама бұзылған. Осыған байланысты жөндеу жұмыстарына техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, жоба-сметалық құжаттарын жасауға республикалық бюджеттен тиісті қаржысы бөлінді
САРАТС жобасы екінші кезеңінің толықтай жүзеге асуын теңізді өлкенің тұрғындары үлкен үмітпен күтетіндіктен, Арал өңірінің жағдайы әрдайым Мемлекет басшысының назарында», - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы пандемия салдарынан 2 жылдан бері өткізілмеген дәстүрлі «Балықшылар слеті» биыл ұйымдастырылатынын және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 2-ші отырысын Арал қаласында өткізу жоспарланғанын мәлімдеді.

Жиында аудан әкімі Серік Сермағамбетов атқарылған жұмыстарды тізбелеп, түйткілді мәселелерді шешу бағытындағы жоспарымен бөлісті. Аймақ басшысы әрбір мәселенің өзектілігіне қарай түйінін тарқатуды және бюджет қаражатын тиянақты түрде жұмсау қажет екенін еске салды.

«Экономика салаларына, оның ішінде әсіресе балық шаруашылығына инвестициялар тарту, салық базасын ұлғайту, саяси тұрақтылықты сақтау, жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша нақты жұмыстар жүргізу қажет. Қазіргі дағдарыс жағдайында бюджеттің әрбір тиыны есептеулі. Осы ретте, бюджеттен бөлінген қаражаттарды мерзімінде және толық игеріп, жобалардың сапалы жүзеге асуын қамтамасыз етіңіз», - деді облыс әкімі.

Жиында мемлекет және қоғам қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы, бұрынғы Қазақ ССР балық шаруашылығының министрі Құдайберген Саржанов пен ардагер Шындалы Әбдраманов елім дейтін азаматтарды әрдайым қолдайтынын жеткізіп, елді бірлікке шақырса, кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Мейрамбек Жұмашев облыс көлемінде кәсіпкерлікті қолдау қадылданған шараларға өз пікірін қосты.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 19.04.2022
  • 213
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика