• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бүгін халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Darhan Qydyráli және Түркі академиясының вице-президенті Физули Маджидлимен кездестім.

Бүгін халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Darhan Qydyráli және Түркі академиясының вице-президенті Физули Маджидлимен кездестім. Түркі әлемінің интернеттегі идентификациясы туралы әңгіме қозғап, бірнеше мәселені талқылап, пікір алмастық.

Біріншіден, Түркі әлемі мұрасының қоры – «Аталар мирасы» порталының аясын кеңейту. Қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде мәлімет беретін порталда түркітілдес халықтардың, ұлыстар мен этникалық топтардың ежелгі заманнан бүгінге дейінгі рухани мұралары топтастырылған.

Екіншіден, Түркі әлемінің энциклопедиясын жасау. Тарихы тереңде жатқан көне түркінің деректер базасы қомақты болары сөзсіз. Бұл орайда «Түркістан энциклопедиясының» 3 томдығы бар және түркітілдес елдердің ортақ энциклопедиясын жасау осы еңбектің негізінде жалғасатын болады.

Үшіншіден, Түркі әлеміндегі ғылыми жұмыстардың цифрлық нұсқасын жасау. Бұл орайда, расымен, қазіргі таңда түркітілдес халықтардың ғылыми зерттеулерінің ортақ қоры жоқ. Нәтижесінде, ғылым әлемінде жиі кездесетін плагиат проблемасы да өршіп тұрғаны белгілі. Сондықтан ғылыми диссертациялар мен архивтерді цифрландыру процесіне түркітілдес елдерді жұмылдырып, ортақ мақсаттағы жобаға айналдырсақ, жақсы болар еді.

Әрине, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі түбі бір түркі халықтарының бірлігін бекем етер бастамаларды қолдайды және Түркі академиясымен бұл бағыттағы ынтымақтастықты нығайтамыз. Себебі тарихымызды түгендеп, елдігімізді еңселі етіп, рухани мұрамызды өскелең ұрпаққа табыстау – әрбіреуіміздің азаматтық парызымыз.

  • 25.04.2022
  • 282
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика