• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНА БАРДЫ

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына барып, бірқатар нысандарды аралады. Алдымен ол Ақтөбе ауылдық округіндегі жылына 1500 тонна құс етін өндіретін фабриканың жұмысымен танысты. «Қармақшы құс» ЖШС біріккен кәсіпорны 2017 жылы «Байқоңыр» ӘКК АҚ қолдауымен фабрика құрылысын бастаған.

Өндіріс иесі Нұрлан Іздібаев фабрика биыл тамыз-қыркүйек айларында жұмысын бастайтынын жеткізді. Өз кезегінде облыс әкімі сапалы әрі импорт алмастырушы өнімдерді шығару қажеттігін атап өтіп, жобаға қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Аймақ басшысы Қармақшыдағы балалар демалысына арналған лагерьдің жағдайымен танысты. Мұнда жыл бойы 5000-ға жуық баланың ой сергітіп, танымдық бағытта жұмыс істеуіне, олимпиадаға дайындық жұмыстарын жүргізу мен түрлі үйірмелерге қатысуға мүмкіндігі бар. Балалар үшін ғимаратта клуб, асхана, ұлдарға және қыздарға арналған бөлек корпустар мен спорттық ойын алаңдар ашылған.

Облыс әкімі қосымша білім беру ұйымдарын салу кезінде ең бірінші кезекте қажеттілікті және бала санына қарай жоба ұсыну керек екенін еске салды. Бұл ретте бюджет қаражатын тиімді қарап, артық шығынды болдырмау қажеттігін тапсырды.

Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданында салынып жатқан дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барып, нысанның жағдайын бақылады. Мердігер мекеме «Сапақ» құрылыс жұмыстарын өткен жылдың қазан айында бастап, биыл қыркүйек айында пайдалануға бермек.

Облыс әкімі жастарды бұқаралық спортпен қамту ісінде спорт кешенін салудың маңызы айрықша екенін атап өтіп, әрбір әлеуметтік нысаның маусымдық кезде ғана емес, жыл бойы жұмыс істеуін қадағалау қажеттігін ескертті.

Қармақшы ауданына жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудан активімен кездесіп, ортақ мәселелерді талқылады. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер қатысты.

Аймақ басшысы қасиетті Қармақшы жерінің терең тарихы мен құнды мәдени мұрасын атап өтіп, ауданның негізгі даму бағыттары мен алдағы міндеттерді айқындап берді.

- Экономика салаларына инвестициялар тарту, салық базасын ұлғайту, саяси тұрақтылықты сақтау, жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша нақты жұмыстар жүргізу қажет.

Ауданда маңызды мәселелердің бірі - елдің ауызбіршілігін сақтау. Одан бөлек, Қармақшыда қазіргі уақытта жастар арасында құқық бұзушылық фактілері азаймауда. Осы бағытта пәрменді шараларды қабылдау керек,- деді облыс әкімі.

Жиында аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов аудан үшін өзекті мәселелерді баяндап, алдағы жоспарларын тізбектеді.

Аймақ басшысы негізгі экономикалық көрсеткіштерді бақылауда ұстап, өңірдегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді, инвестиция тарту бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

Басқосуда облыстық мәслихат депутаты Шәкізада Әбдікәрімов, ардагер Асқар Мереков,  қоғам белсендісі Қуаныш Туреев пікірлерін ортаға салып, елді ынтымақ пен бірлікке шақырды.

 

  • 28.04.2022
  • 230
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика