• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ: БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ТИІМДІ ЖҰМСАЛУЫ КЕРЕК

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыстық мәслихатының кезектен тыс XV сессиясы өтті. Сессияны облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов жүргізді.

Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қызылорда облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы 2 мәселе қаралды.

Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткішін саралап, бюджет қаражатын тиімді жұмсау бағытында алдағы міндеттерге тоқталды.

- 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім жобасы Сіздерге ұсынылды. Алайда, бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жобаларды қайта қарадық. Нәтижесінде біршама инвестициялық жобалар оңтайландырылды.

Мен білім, мәдениет, спорт саласының жанашырымын. Аймағымызда жаңа нысандардың бой көтергенін мен де қалаймын. Бірақ, бірінші кезекте тұрғындарға ауыз су, газ, жол инфрақұрылымдарын жеткізу, осы мәселелерді шешу маңызды.

Осы орайда, менің тапсырмама сәйкес жоба құжаттарының өзектілігі, тиімділігін және сәулеттік келбетінің үйлесімділігін қарайтын арнайы кеңес құрылды. Кеңестің құрамына елге белгілі қаржыгерлер, құрылысшылар, жобалаушылар, өз саласының білікті мамандары кіргізілді. Бұдан былай, бағдарлама әкімшілері, қала және аудан әкімдері жүзеге асыратын жобаларын осы кеңесте қорғайды. Кеңестің оң шешімін алғаннан кейін ғана жоба жүзеге асырылатын болады, - деді Н.Нәлібаев.

Жиында облыс әкімі әлеуметтік мәселелерге арнайы тоқталды. Мәселен, автобус паркінің көліктері тозуына байланысты жөндеуге жұмсалатын шығындар көбейіп, күнделікті түсім төмендегенін жеткізді. Бұл ретте халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңадан 150 дана автобус алынатынын айтты.

Сондай-ақ, білім, мәдениет, спорт саласындағы нысандарды салу барысында нақты қажеттілікті ескеру және бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану мәселесін көтерді. Мұнымен қоса, облыс әкімі азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша нақты шаралар қабылданатынын жеткізді.

- Соңғы уақыттағы геосаяси жағдай мен инфляция әсерінен азық-түлік бағасының қымбаттауы орын алды. Бұл ретте, аудан әкімдеріне жергілікті шаруашылықтармен бірлесіп, тұрғындарға бау-бақша және көкөніс егуге жағдай жасауды тапсырдым, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жиын барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылды. Облыс әкімі көтерілген мәселелер мен жолданатын ұсыныстар зерделеніп «Қызылорда облысы әкімінің іс-қимыл жоспары» енгізілетінін атап өтті.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 05.05.2022
  • 349
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика