• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА ДАРЫНДЫ ОҚУШЫҒА "МӘНШҮК" СТИПЕНДИЯСЫН ТАБЫСТАДЫ

Бүгін Сыр елінде «Жастық жалынымыз – сүйікті Отанымызға!» атты республикалық патриоттық жастар форумы өткізілді.

Басқосуға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова, Қазақстан Халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи, зиялы қауым өкілдері мен ардагер ұстаздар, белсенді жастар қатысты.

Форумды модератор «Qazaqstan» телеарнасының тележүргізушісі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі түлегі Ғалымжан Кеңшілік жүргізді.

Жиында сөз бастаған аймақ басшысы жаңашылдыққа қол созған дарынды жастардың бастамаларын қолдауға дайын екенін жеткізді.

- Жастармен жүздесіп, ой бөлісетін әрбір кездесудің маңызы мен үшін ерекше. Жастарға қолдау көрсету - біздің жұмысымыз ғана емес, басты міндетіміз. Мемлекет тарапынан жастарды қолдауға арналған бағдарламалардың барлығы олардың тұрмыс жағдайын түзеуге бағытталып отыр.

Облыс әкімінің халықтың әлеуметтік осал және көп балалы отбасыларына арналған гранты 2 есеге артып, биыл 200-ге жетті. Кәсіпкерлікпен айналысам дейтін жастардың жобаларына облыстық бюджеттен  70 млн.теңге бөліп отырмыз. Мұнан бөлек, спортпен шұғылдануға да жағдай жасалуда. Тек қала, аудан орталықтарында ғана емес, ауылдық жерлерде де спорт нысандарының саны артып келеді. Біз қай кезде де жастардың бастамаларын қолдауға әзірміз, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Форумда ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова түрлі интеллектуалдық сайыста топ жарған зерделі жастардың талпынысын жоғары бағалап, олардың ұсыныстарын ескеріп, министрлік тарапынан тиісті жұмыстар жүретінін айтты.

Басқосуда колледж студенті үйден оқитын балаларға арналған «Виртуалды шындық» жобасын таныстырды. Облыс әкімі мұндай әлеуметтік жобалардың келешек үшін маңызы жоғары екенін тілге тиек етіп, қолдау білдіретінін жеткізді. Сондай-ақ, үздік студент Биназир Алиханқызына Мәншүк Мәметова атындағы арнайы стипендияның сертификатын табыс етті.

Форумға қатысушы жастар атынан «ТОП - 100 студент» байқауының жеңімпазы Бекзат Ешмұратов пен «WorldSkills Kazakhstan-2021» сайысының күміс жүлдегері Камила Сақтапберген Үндеуін арнады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

  • 05.05.2022
  • 358
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика