• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
CЫР ЕЛІ МЕН ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕД

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

24 мамыр 2022 жыл                                                                          Қызылорда қаласы

 

CЫР ЕЛІ МЕН ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ

ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

 

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті. Жиынға мәдениет саласының қызметкерлері мен «ТҮРКСОЙ» ұйымының өкілдері қатысты.

Облыс әкімі «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының маңызды қызметін айрықша атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың маңызды екенін тілге тиек етті.

- Түбі бір түркі халықтарының мәдениетін дамытуда, түркі әлемінің мәдени құндылықтарын тану, сақтау, зерттеуде, ортақ мәдени кеңістік қалыптастыруда «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының қомақты қызметін айрықша атағым келеді. «Қорқыт ата» энциклопедиясын дайындауға да түрткі болған осы ұйым.

Өзіңізге белгілі, «Сыр елі – жыр елі» атанған қасиетті өлкеміз талай дарындардың тұғыры болған, талай дауылпаз сүлейлер шыққан өңір.

Алдағы уақытта «ТҮРКСОЙ» ұйымымен халықаралық деңгейдегі ұлттық тағылымы мол, жаңа танымдық шаралар – тәжірибе алмасу, мамандарды тағылымдамадан өткізу, ғылыми-зерттеу, шығармашылық жобаларды бірлесіп атқару бағытында серіктестік қарым-қатынастардың нығаятынына сенімдімін, - деді Н.Нәлібаев.

«ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы Сыр елі салт-дәстүрге бай қасиетті жер, түркі елінің рухани шаңырағы екенін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

- Қызылорда өлкесіне келгендегі басты мақсатымыз түбі бір түркі халықтары арасында мәдени қарым-қатынасты нығайту. Осы бағытта «Қорқыт және Ұлы дала сазы» фестивалін жандандырып, Сыр елінен шыққан жырауларды түркі әлеміне таныту үшін жыраулар фестивалін өткізу жоспарда бар. Қасиетті Қызылорда аймағының бай тарихы мен мәдениетін күллі түркі әлемге таныту қажет деп есептейміз. Өзіңіз бастаған делегацияны Туркия елінің Бурса қаласында өткізілетін ІV дүниежүзілік көшпенділер ойынына шақырамыз. Бірлескен шығармашылық жобаларды ұйымдастырып, тәжірибе алмасуға дайынбыз, - деді Сұлтан Раев.

Басқосуда аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен Бас хатшысы Сұлтан Раев Қызылорда облысының әкімдігі және «ТҮРКСОЙ» халықаралық түркі мәдениеті ұйымы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Айта кету керек, Сырдың жыршы-жыраулары әр жылдары Жапония, Америка, Франция, Голландия, Италия, Қытай, Монғолия, Түркия елдерінде өткен фольклорлық фестивальдер мен симпозиумдарға қатысып келеді.

2018 жылы Маврикий Республикасында өткен ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында Қорқыт ата рухани мұралары Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ЮНЕСКО-ның ғаламдық материалдық емес мұралар тізіміне енгізіліп, өңіріміз үшін де, еліміз үшін де ең маңызды оқиға болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

  • 25.05.2022
  • 281
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика