- Блогтар
- Есқараев А.Н.
Есқараев А.Н.
ҚР Әдiлет министрi
2022 жылғы 24 мамырда Страсбургте Әділет Вице-министрі А. Ахмeтованың Еуропа Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Бьёрн Бергемен кездесуі өтті
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстанның қылмыстық сот процесі саласындағы бірқатар еуропалық конвенцияларға қосылуы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Вице-министр Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жаңа саяси реформалар туралы, оның ішінде Конституциялық сот құру, Парламентті күшейту, саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату, сайлау процесін жаңғырту және т.б. мәселелер бойынша хабардар етті.
А. Ахмeтова адам құқықтары саласында ашық және сындарлы диалогқа дайын екендігін білдірді. Тараптар жемісті кездесу үшін бір-біріне алғыс білдірді.
- 27.05.2022
- 233