• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сыр еліне жұмыс сапары барысында облыстың бірқатар кәсіпкерлерімен кездесті. Басқосуға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен сала басшылары қатысты.

Аймақ басшысы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, маңызды жобаларға қолдау көрсетуді сұрады.

- Биылғы жылы кәсіпкерлік саласын қаржылай қолдау мақсатында әртүрлі көздерден 12,4 млрд. теңге қаржы қаралды. Қаражат халықты бірінші қажеттіліктегі тауарлармен өзін-өзі қамтамасыз ету үшін «Өңірдің 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары» шеңберінде өңдеу өнеркәсібі және өндіріске бағытталуда.

Құрметті Әлібек Сәкенұлы, негізгі шешілуі тиіс мәселелер бүгін талқыладық.  Осыған орай, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемін 310 млрд. теңгеге және шикізаттық емес экспорт көлемін 150 млн. АҚШ доллары көлемінде бекітілуіне ықпал жасауыңызды сұраймын, - деді Н.Нәлібаев.

Өңір экономикасын әртараптандыру мақсатындажалпы құны 667 млрд. теңгені құрайтын 22 ірі инвестициялық жобалар тізімі қалыптастырылды. Бұл жобалардың ішінде 19 жобаға 285 млрд.теңге қаражат қажет. Аталған жобаларды қаржыландыру Қазақстан даму банкі, Өнеркәсіпті дамыту қоры және Агронесие корпорациясымен қарастырылуда. Осыған орай, қолданыстағы заңнама аясында қаржыландыру мәселесінің жылдамдатып қаралуына және шешілуіне ықпал жасау сұралды.

Индустрияландыру бағдарламасы аясында биылғы жылы 5 жобаны іске қосу жоспарланған. Сонымен бірге, «Шалқия» кен байыту фабрикасы мен кальциленген сода зауытының құрылыстарын ІІ жарты жылдықта бастау көзделуде.

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кәсіпкерлікті дамытуды жан-жақты және тікелей қолдауға қатысты Министрлік тарапынан қабылданатын шаралар бойынша жеке тоқталып, Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы іске асырылып жатқанын атап өтті.

Министрдің айтуынша, ұлттық жоба шеңберінде жаңа құрал – 6% мөлшерлеме бойынша кепілсіз негізде микрокредит беру енгізілді.

Биыл республика бойынша «Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 127,9 млрд.теңге бөлінді, 575 ауылдық елді мекенді қамтумен 1 057 жоба іске асырылатын болады. Оның ішінде Қызылорда облысы бойынша 7,9 млрд.теңге бөлумен 31 ауылды қамту жоспарлануда.

Жиында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мұса Қалдарбеков аймақтағы өндірісті дамыту бағытында негізгі жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды тарқатып берді.

Сонымен қатар «РЗА» акционерлік қоғамының президенті Самұрат Имандосов, «Сыр маржаны» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Мінәжадин Өтеев, «Нұрай» серіктестігінің директоры Сейітқали Алшынбаев, «Шиелі шұжық» серіктестігінің директоры Патима Маханбет ауыл шаруашылығы саласын қолдау, сауда саласын субсидиялау және «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы қызметін ұзарту, несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша ұсыныстарын жеткізді.

  • 31.05.2022
  • 295
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика