• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Балалар жылы» аясында көпбалалы отбасыларға Жаппасбай батыр көшесінде орналасқан 50 пәтерлік жаңа үйдің кілтін табыстап, қоныс тойымен құттықтады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету - мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екенін атап өткені белгілі. Соған сай өңірімізде тұрғын үй құрылысына басымдық беріліп, баспана мәселесін шешу батыл қадамның біріне айналды.

Міне, бүгін Балалар жылы аясында Қызылордада жаңа тұрғын үйді пайдалануға беріп, көпбалалы отбасылардың қуанышына ортақтасып отырмыз. Балаларымыз жаңа үйге шаттана кіріп, ішін бақытқа толтырсын деп тілеймін! Қоныс тойларыңыз құтты болсын!, - деді Н.Нәлібаев.

Шарада мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов жиналған қауымға батасын берді.

Сонымен қатар аймақ басшысы көпбалалы отбасы Сейтжаппаровтар әулетіне арнайы барып, жаңа қонысқа бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, Сыр өңірінде 30 жыл ішінде 8 млн.шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Биылдың өзінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданы 95 мың шаршы метр, 1294 пәтерді құрайтын 31 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Жыл аяғына дейін 1244 пәтерді құрайтын 30 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

  • 03.06.2022
  • 315
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика