• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Екінші Республика. Жаңа саяси модельге көшу

9 маусымда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін жаңа өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Еліміздің басты құжатына енген өзгертулер туралы ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова толығырақ айтып берді. Оның айтуынша бұл өзгертулер мен толықтырулар еліміздегі саяси модельді өзгертеді.

«Жаңа үлгіге көшудегі негізгі идея – атқарушы биліктің өкілеттілігі күшеюі аясында Президенттің өкілеттілігі қысқарады. Сонымен қатар, құқық қорғау институттарын нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Нақтырақ айтсақ, келесі өзгерістерді атап өтуге болады. Бұл аймақтық саясатқа ықпал етуді қысқарту, сондай-ақ, Президент өкілеттігіне байланысты шектеулер енгізу арқылы көрініс табады»,-деді Алма Қайратқызы.

Конституцияның нормалары референдумның қорытындылары ресми жарияланған күннен бастап, яғни 2022 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте жекелеген нормалар өзге мерзімдерде қолданысқа енгізіледі.

«Мәселен, конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдау тәртібін, сондай-ақ Конституциялық соттың қызметін айқындайтын Конституцияның ережелері 2023 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді. Сонымен қатар, Мәжіліс мақұлдаған және 1 қаңтарға Парламент қарауында жатқан заң жобалары

2023 жыл заң болып саналады және 61-бапқа сәйкес жаңа тәртіппен қаралады»,-деп түсіндірді әділет вице-министрі.

       Лауазымды адамдарға өкілеттік берудің жаңа тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында өзгеше көзделмесе, осы лауазымды адамдардың өкілеттік мерзімінің аяқталуына немесе өкілеттіктерінің тоқтатылуына қарай қолданысқа енгізіледі. Мысалы, Сенаттағы Президент тағайындаған 15 депутат олардың мерзімі аяқталғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайтын болады.

«Конституциялық Сот пен жоғары аудиторлық палатаға қатысты нормаларға келетін болсақ - Конституциялық Сот пен жоғары аудиторлық Палата құрылғанға дейін Конституциялық Кеңестің және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары мен мүшелері өз өкілеттіктерін сақтайды»,-деді Алма Мұқанова.

Конституциялық Сот құрылғанға дейін Конституциялық Соттың Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініштерін қарау жөніндегі функцияларын Конституциялық Кеңес жүзеге асырады.

       Конституциялық Кеңестің қолданылып жүрген нормативтік қаулылары Конституциялық сот оларды қайта қарағанға дейін Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент палаталарын құру туралы ережесіне келетін болсақ, бұл нормалар сегізінші сайланған Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудан бастап қолданылатын болады. Яғни, қазір Мәжіліс депутаттары 8-ші сайланған Парламент Мәжілісінің сайлауы жарияланғанға дейін (қазір 7-ші шақырылым 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін) өз қызметін жалғастыратын болады.

        «Конституцияға енгізілген түзетулер билік тармақтары арасындағы қатынастардың жаңа тепе-теңдігін қалыптастырады, бұл супер-президенттік модельден күшті Парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті ауысуды қамтамасыз ете алады»,- деп аяқтады өз сөзін әділет вице-министрі Алма Мұқанова.

 

 

 

  • 09.06.2022
  • 379
Сәрсембаев Е.Ж.

ҚР Әдiлет министрi

Сәрсембаев Е.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика