- Блогтар
- Сәрсембаев Е.Ж.
Сәрсембаев Е.Ж.
ҚР Әдiлет министрi
Ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылғаны туралы
ҚР Әділет министрлігі «Апелляциялық кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Әділет министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірледі.
Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.
Қоғамдық талқылау 2022 жылғы 8 маусымнан 8 шілдеге дейін жүргізіледі.
Барлық қызығушылық танытқан азаматтар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін талқылауға келесі сілтеме бойынша: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14116762 қатысуға мүмкіндігі бар.
- 10.06.2022
- 340