• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ауыл шаруашылық жерлеріне ғарыштық және цифрлық мониторинг жасауға байланысты көпшілікті алаңдатқан бірқатар өзекті мәселелерді талқыладық

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанмен кездесіп, ауыл шаруашылық жерлеріне ғарыштық және цифрлық мониторинг жасауға байланысты көпшілікті алаңдатқан бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, мынадай шешімге келдік.

Біріншіден, жерді рационалды пайдалануды қадағалау және қамтамасыз ету үшін космомониторингпен ғана шектелмей, цифрлық сервистер кешені қолданылады. Бұл не деген сөз?

Мәселен, қазіргі таңда жайылымдардың рационалды қолданылу деңгейін есептеу үшін жер туралы деректер - белгілі бір адамның қанша гектар жері бар және мал шаруашылығы жайлы ақпаратты жүйедегі мәліметтер негізге алынады. Осы деректердің барлығы бір-біріне бөлінеді, ережелермен бекітілген арнайы формулалар мен стандарттар бар, солардың негізінде жануар саны мен жер көлемін ескере отырып,дұрыс шешім шығаруға болады.

Осылайша 1000 бас малға жер алған адамның 100 жануар ғана бағып жүргенін анықтауға болады. Ал бұлай болмауы керек, бұл космомониторинг емес - бұл жай ғана деректермен жұмыс! Шын мәнінде жер телімдерінің 75 пайызы жайылымдық жерлер. Және бүгінгі таңда халық осы жайылымдық жерлер туралы айтуда!

Екіншіден, Жер Кодексіне өзгерістер енгізу қажет деп келістік. Жерді қайтарып алуға құжаттар тапсыру жұмысындағы қағазбастылықты оңтайландыру (соның ішінде цифрлық форматқа көшіру) керек. Барынша оңай және қарапайым еткен жөн!

Үшіншіден, космомониторингті қолдану бойынша нақты стандарт қажет. Қазір ғарыштық мониторингте түрлі кеңістіктік деректер мен спектрлік арналар саны қолданылады. Солардың кейбірі жердің тиімділігін дұрыс айқындау кезінде сәйкес келе бермейді.

Мысалы ауыл шаруашылықтың цифрлық картасын жасау үшін 1*25000 масштабындағы фотожоспарға 1 метрден кем емес кеңістіктік сапа, ал 1*10000 фотожоспарға тіпті 0,6 метрлік түсірілім қажет. Сондықтан ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану бойынша шынайы деректерге қол жеткізу үшін ЖҚЗ түсірілімдерінің сапасына қойылатын талаптар белгіленіп, тиісті техникалық сипаттама жасалатын болады. Ал біз өз тарапымыздан ҚР АШМ-ға космомониторингпен айналысатын көлденең компанияларды жалдауды ұсынатын боламыз. Бастысы, компаниялар конкурс арқылы анықталып, стандартқа сәйкес болуы керек.

Космомониторинг оңай шаруа емес! Ең бастысы, маңызды шешімдер қабылдау кезінде фототүсірілімдер мен фотожоспарлар сапалы болуы тиіс.

Жалпы, біраз мәселені талқылап, жиірек кездесуге келістік. Мұхтар Тайжанға конструктивті диалог үшін рахмет айтамын!

  • 24.06.2022
  • 447
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика