• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
IT-бизнес өкілдерімен бірге болашақ бірлескен жобаларды талқылау және екіжақты ынтымақтастық деңгейін арттыру үшін Түркия Республикасына бардық

8-10 мамыр аралығында IT-бизнес өкілдерімен бірге болашақ бірлескен жобаларды талқылау және екіжақты ынтымақтастық деңгейін арттыру үшін Түркия Республикасына бардық.

⠀Бүгін Түркия астанасы Анкарада Түркияның өнеркәсіп және технологиялар министрі Мұстафа Варанк, TUBITAK Президенті, Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Караисмайоглу, Түркияның Сауда палаталары мен тауар биржалары Одағының (TOBB) президенті Рифат Хисарджиклиоглумен кездестік. Екіжақты ынтымақтастықтың ықтимал нұсқаларын талқылап, меморандумға қол қойдық.

⠀Жалпы іссапардың бағдарламасы өте мазмұнды болды. Сапар барысында тек мемлекеттік органдармен кездесіп қана қоймай, сонымен қатар IT-технопарктерге бардық. Олардың ауқымы, венчурлық қорлары және Түркияның ірі IT-компаниялары таңғалдырды.

⠀Атап айтқанда, Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңіріндегі ең ірі электрондық коммерция платформасы Hepsiburada, тағамға онлайн-тапсырыс беруге арналған Түркиядағы алғашқы және ең ірі сайт Yemeksepeti, $16,5 млрд капиталдандыруы бар алғашқы түрік decacorn-компаниясы Trendyol, ШОБ үшін Şekerbank кооперативтік банкі, сондай-ақ Bilisim Vadisi IT-технопаркінің кеңселеріне бардық.

⠀Ресми кездесулердің қысқаша қорытындылары:

⠀Қазақстандық IT-саласының жетістіктерін ұсындық, атап айтқанда, біздің IT-стартаптарымыз түрік венчурлық қорлары мен нарық өкілдерінің алдында питч өткізді. Мұны дәстүрге айналдырып, олардың стартаптарын да Қазақстанға шақырғымыз келеді.

Аса ірі түрік IT-компанияларына өздерінің IT-өнімдерін қазақстандық нарыққа шығаруды ұсындық.

Қазақстандағы IT-саласын мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ Индустрия 4.0 және Smart city саласындағы қазақстандық IT-компаниялардың пилоттық жобаларын іске асыру туралы айттық.

Astana Hub пен Bilisim Vadisi арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Екі елдің IT-тауарлары мен қызметтерін ілгерілету саласындағы ынтымақтастық талқыланды.

  • 24.06.2022
  • 396
Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика