• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫ АЯСЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысының Жарлығы аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барлық аудандар мен Қызылорда қаласының халқымен кездесті. 30 маусым күні облыс орталығының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Жиынға Сыр еліне арнайы келген Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Эльдар Күзенбаев қатысты.

Аймақ басшысы өңірді дамытудың перспективалық қадамдарына тоқталып, тұрғындар үшін өзекті саналатын инфрақұрылым тарту, қоғамдық көлік мәселелерін тізбектеді.

- Халықтың әл-ауқатын арттырудың тағы да бір өлшемшарты - инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту. Әлемдік стандарттарға сай әуежайымыз да заманауи сипатқа ие болуы керек. Жерлесіміз Болат Өтемұратовтың демеушілігімен жаңа әуежай терминалын саламыз. Өңірде қоғамдық көлік мәселесі де өзекті. Биыл Қызылорда қаласына үлкен сыйымдылықтағы 150 жаңа автобус алынады.  

Жақын күндері Қызылорда қаласында облыстық қан орталығының құрылысы басталады. Келер жылы 100 келушіге арналған емханасымен бірге 300 төсектік көпбейінді аурухана құрылысы салынады. Алдағы кезде облыс халқы үшін заманауи үлгідегі жаңа нысандарды саламыз. Облыс орталығынан неке сарайы, өнер орталығы бой көтеретін болады. «ҚазГерМұнай» кәсіпорны қаланың сол жағалауынан «Оқушылар сарайын» салып беруді өз міндетіне алды, - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі өткен айда өңірімізге жұмыс сапарлары аясында Ұлттық экономика және Энергетика министрлері бірқатар маңызды жобаға қолдау білдіргенін жеткізді. Соның бірі - құны 215 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа жылу электр станциясын салу. Жоба 2025 жылы жүзеге асады.

Биыл Қызылорда қаласын сумен жабдықтау үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 жоба және облыстық бюджет есебінен 4 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қаланың жаңа тұрғын аймағын дамыту мақсатында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы «Гүл бульварын» абаттандыру үшін жобалық құжаттары әзірленуде.

Кездесуде газдандыру мәселесі де айтылды. Қаладағы Наурыз, Махамбетов елді мекендерін газдандыру жұмыстарын келесі жылы аяқталмақ және Қосшыңырау ауылдық округі Абай ауылын газдандыру бойынша Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінімдер ұсынылған.

Басқосу барысында өңір басшысы облыс орталығындағы жол инфрақұрылымын дамыту бойынша кеңінен тоқталды. Қызылорда қаласында 34 шақырым жолын жөндеуге 5,1 млрд. теңге қаржы қаралған. Мұнан бөлек, облыс орталығының 19 көшесіне жаяу жүргіншілер жолы төселіп, қаланың орталық көшелері жарық диодты шамдармен безендіріледі.

Сондай-ақ, 13 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық бюджет есебінен қаланың 10 көшесінің қиылысына бағдаршамдар орнатылатын болады.

Аймақ басшысы биылға жоспарланған жұмыстарды жүйелі іске асыру мақсатында арнайы Іс-қимыл жоспарының бекітілгенін, ондағы әрбір жобаның құрылысы облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілетін кезектілік тізімі негізінде ғана орындалуы тиіс екенін жеткізді.

Басқосу соңында облыс әкімі қала тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Қала азаматтары қоғамдық көлік, жол сапасын жақсарту, ауыз су желілерін тарту және денсаулық сақтау саласына қатысты көкейкесті сауалдарын жолдады.

Халықпен кездесуден кейін Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдап, жауап берді.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 01.07.2022
  • 306
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика