• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
СЫР ӨҢІРІНДЕ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ БІРНЕШЕ ІРІ НЫСАННЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Сыр елі құрылыс саласы қарқынды дамыған өңір. Соңғы жылдары Қызылорда қаласының өзінде 12 шағын аудан бой көтеріп, 270 көпқабатты тұрғын үй салынған. 7000-ға жуық азамат жаңа пәтерге ие болып, қоныс тойын тойлаған. Ал, бүгін құрылысшылар күнін қарсаңында қызылордалықтар үшін тағы 3 нысанның іргетасы қаланды. Сондай-ақ, Қармақшы ауданындағы Төретам кенті және Ақай ауылында, Арал ауданындағы Сексеуіл кентінде ауыл ішілік газ құбырын тарту және Шиелі ауданына қарасты Тартоғай елдімекенінде автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы басталды.

Енді Сыр өңірінде отбасылық өмірге қадам жасаған жастар заманауи үлгідегі неке сарайында отбасы атанады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жас жұбайлардың киелі шаңырағына айналатын «Неке сарайының» Халықаралық жастар күні аясында бой көтеруінің символикалық мәні бар деді.

- Бір қуантарлығы, аймағымызда демографиялық өсім жылдан-жылға жақсарып, шаңырақ көтерген жастардың қатары артып келеді. Биылғы жылдың 6 айында 2276 жұп некеге тұрып, отбасылық өмірге қадам басты.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: "Бақытты әрі берік шаңырақ - еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мықты отбасы - мықты мемлекет" деп отбасы құндылығының маңызды екенін жеткізді.

Келешекте неке сарайында отбасы құндылықтарын дәріптейтін әлеуметтік-мәдени іс-шаралар да тұрақты түрде өткізілетін болады, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сондай-ақ, бүгін өнерлі өлкеде 1000 келушіге арналған жаңа өнер сарайының алғашқы кірпіші қаланды. Құны 3,7 млрд.теңгені құрайтын екі қабатты өнер сарайының құрылысы бір жарым жылда салынып бітеді. Ғимаратта симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар мен түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізіледі.

Сырдың сол жағалауында тағы бір әлеуметтік нысанның іргетасы қаланды. Құны 2,7 млрд. теңгені құрайтын «Қан орталығы» жылына қан мен оның компоненттерін донациялау көрсеткішін 500-ден 10 мыңға дейінгі жеткізеді. Орталық өңір халқына сапалы қызмет көрсетіп, тұрғындардың денсаулығын арттыруға мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ, сол жағалауда қасбеттері заманауи талаптарға сай келетін 7-9 қабатты тұрғын үй, физика-математикалық мектеп ғимараты бой көтермек. Ал, балалар жылына тарту ретінде Оқушылар сарайы салынады.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев аз уақыттың ішінде өңірге қомақты инвестиция тартылып, демеушілер есебінен жаңа жобаларды бастауға мүмкіндік болғанын жеткізді.

- Біз әрдайым жерлестеріміздің талап-тілектерін, ұсыныстарын ескеруге дайынбыз. Облыс әкімі қызметіне тағайындалғаннан бастап, халықпен кездескен әр сәтте аймақта заманауи сәулеттік үлгідегі жаңа нысандарды салуға уәде еттік.

Туған жердің дамуына шынайы жанашырлықпен қарайтын меценат азаматтарды ортақ іске біріктіріп, құны 45 млрд. теңгені құрайтын, 391 нысанға жоба әзірледік. Келесі жылдан бастап бұл жобалар іске аса бастайды. Аз уақыттың ішінде, өңірге 20 млрд.теңге инвестиция тартылды.

Осы игілікті істердің нәтижесінде бүгін бірнеше нысанның іргетасын қалау рәсіміне жерлестеріміз куә болды, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Аймақта Болат Өтемұратов қорымен бірге 11 млрд. теңгені құрайтын заманауи жолаушылар терминалының құрылысын басталып, 2024 жылы ел игілігіне берілмек. Сондай-ақ, қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа жылу электр станциясын салынбақ.

Бүгін өңірдегі шағын аудандардың бірі - “Бәйтеректе” жаңа су жинағыш құрылғы құрылысын бастау рәсімі де өтті.

Құны 1 млрд.теңгеден астам жоба «Бәйтерек» тұрғын ауданында орналасқан жеке тұрғын үйлерді тұрақты қысымда  сапалы ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді. Жоба аясында 7 дана ұңғыма бұрғыланып, 3 дана резервуар салынатын болады.

Айта кетейік, Қызылордада құрылысшылар күні мерекесі гала-концертпен қорытындыланды. Өз саласының нағыз шеберлеріне арнайы төсбелгілер мен марапаттар табысталды.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

  • 11.08.2022
  • 305
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика