• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР УАҚЫТЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛУІ КЕРЕК

Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайловтың төрағалығымен өткен жиында биылғы жылдың қаңтар-шілде айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Отырысқа онлайн режимде бірқатар министрлер мен барлық өңірдің әкімдері қатысты.

Жиында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов баяндама жасап, негізгі көрсеткіштерге тоқталды. Айталық, Қызылорда өңірі негізгі капиталға салған инвестиция көлемі және тұрғын үйді пайдалануға берудің көлемі бойынша алдыңғы қатарда.

Әлихан Смайылов инфляцияны тежеу үшін қажетті құралдар бар, бұл ретте мемлекеттік органдар мен әкімдіктер оларды тиімді пайдалануы тиіс екенін айтты.

Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев өңірде бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер төмендегенін ескертіп, сала басшыларына жиын өткізді.

- Өңдеу саласындағы өндірісті арттыру тетіктерін анықтау міндеті тұр. Құрылыс жұмыстары қалада қызу жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан құрылыстардың статистикалық органдарда есепке алынуын қамтамасыз ету керек.

Жуырда ғана барлық аудан әкімдерін жеке-жеке қабылдап, бұл мәселелер егжей-тегжейлі қаралды. Тиісті тапсырмалар берілді. Осы тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету керек. Барлық аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдеріне экономикалық өсімді ай сайын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын.

Биыл пайдалануға берілуі жоспарланған әлеуметтік нысандардың мерзімінде берілуін, индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға жоспарланған жобаларды іске қосылуын қамтамасыз ету қажет. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстарды күшейту керек, - деді Н.Нәлібаев.

Сонымен қатар облыс бюджетінің игерілуі бойынша да атқарылған жұмыстар сөз болды.

Облыс әкімі бюджет қаражатының уақытылы игеріліп, мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

@Облыс әкімінің баспасөз қызметі

  • 16.08.2022
  • 323
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика