• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Президентке облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары, оның ішінде инвестиция тарту, мұнай қорының сарқылуына байланысты газ өндіру, жаңа геологиялық зерттеу жұмыстары туралы баяндады.

Аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде 7 айдың қорытындысымен оң динамика қалыптасқан. Атап айтқанда, тартылған инвестициялар көлемі 111,5%, құрылыс жұмыстарының көлемі 106,1%, өндеу өнеркәсібі көлемі 105,5%, тұрғын үй салу көлемі 104,7% өскен.

Ал, өткен жылғы көрсеткіште халық табысы 99,9 пайызды құраса, биыл өсім орын алып, 116,1 пайызға жеткен.

Өңір басшысы мұнай қорының сарқылуы салдарынан мұнай өндіру көлемінің төмендеуінің орнын толтыру үшін сейсмикалық барлау жұмыстарымен бірге газ қорларын игеру жұмыстары қолға алынғанын жеткізді.

Аймақта инвесторлармен жұмыс жүргізу қарқыны жоғары. Президент тапсырмасы аясында құны 215 млрд.теңгені құрайтын, қуаты 240 мегаватты жаңа жылу электр орталығы салынып, 2025 жылы тапсырылады. Сонымен бірге, жеке инвестор есебінен 11,8 млрд.теңгеге Қызылорда қаласы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы халық игілігіне беріледі. Ал, «Қазгермұнай» арқылы заманауи үлгідегі Оқушылар сарайын салу туралы бірлескен келісім бар.

Нұрлыбек Нәлібаев Президент қолдауы негізінде Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттер арасындағы келіссөздер нәтижесінде су көлемі былтырғы деңгейден артқанын жеткізді. Аймақта суды аз қажет ететін майлы және жемдік дақылдар алқаптарын ұлғайтуға басымдық беріліп, бақша және көкөніс алқаптарының көлемі көбейген.

Облыс әкімі судың жетіспеушілігіне қарамастан жыл басында 64 мың гектар аумаққа ғана егу межеленсе, 78,6 мың гектар күріш алқабы сумен қамтамасыз етілгенін айтты. Сондай-ақ, күріш саласын дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленбек.

Аймақ басшысы Президентке өзен суын бөлу халықаралық келіссөздер кезінде көрші мемлекеттердің экономикалық қажеттіліктерімен қатар Арал теңізін судың бөлек тұтынушысы ретінде ескеру қажет екенін баяндады.

Өңір басшысының айтуынша, аймақтағы халықтың 98 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Тұрғындардың 68% табиғи газбен қамтылып, қанағаттанарлық жағдайдайғы жол үлесі 82%ды құрайды. Таяу арада бұл көрсеткіштерді 100 пайызға жеткізу межеленді.

Мемлекет басшысына баяндалған тағы бір мәселе – еңбек дауларын шешу. Аймақтағы ірі 49 кәсіпорынмен меморандумға қол қойылып, 29 мың жұмысшының жалақысы 50%-ға дейін көтерілген. Алдағы уақытта жұмыс орнын сақтай отырып, қызметкерлердің еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру көзделген.

Жер үлескерлері арасында туындаған даулы мәселелер де оң шешімін тапқан. Биылдың өзінде 6 шаруашылықтағы жер үлесі оңтайлы шешілген.

Өңір басшысы білім беру мәселесіне де тоқталды. Биыл облыста 9 мектеп, 1 Оқушылар үйі, 2 балабақша пайдалануға беріліп, 11 дене шынықтыру кешені, 6 мәдени нысанның құрылысы жүруде. Ал, алдағы үш жылда 20 мемлекеттік мектеп, жеке инвесторлар есебінен 12 мектеп құрылысы басталады.

Жергілікті бюджет есебінен қажеттілігі төмен шығыстарға бағытталып қойған қаржыларды оңтайландыру арқылы өңірде үшауысымды, апатты жағдайдағы мектептер мен әлеуметтік нысандардың құрылысын салуға мүмкіндік бар.

Балалар жылы аясында облыс аумағында демеушілер есебінен құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын балалар саябағы мен ойын алаңдары салынуда.

Қабылдау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Облыс әкіміінң баспасөз қызметі

 

  • 02.09.2022
  • 309
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика