• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі еңбектен береке тапқан үлгілі отбасылармен кездесті

 

Сыр өңірінде отбасы құндылығын берік ұстап, мәуелі бәйтеректей тамырын кеңге жайған өнегелі әулеттер жетерлік.

Тағылымға толы тәрбиені бойға сіңіріп, Отанға қызмет етер ұрпақ тәрбиелеген жанұялар кез келген құрметке лайық. «Отбасы күні» аясында бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Алтын той» иелерімен кездесіп, ілтипат білдірді. Құрмет төріне шақырылғандар қатарында еңбектің арқасында абырой биігіне көтерілген қарапайым жұмысшы, құрылысшы, дихан, сауыншы, механизатор әулеттері бар. Олар 10-нан аса бала тәрбиелеп, немере, шөбере сүйген киелі шаңырақ иелері.

Мерекелік іс-шараға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Қожбанов пен сала басшылары қатысты.

Аймақ басшысы қазақ халқы үшін отбасы ұғымы қашаннан қасиетті де киелі екені атап өтіп, саналы ұрпақ тәрбиелеуде үлгілі отбасы мен парасатты ата-ананың рөлі ерекше екенін жеткізді.

«Дана халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген керемет сөз бар. Өйткені, Отанды сүюге тәрбиелейтін бірден-бір орта ол – отбасы. Отбасында жарасым, сүйіспеншілік, мейірім болса ғана шаңырақ биік құрылып, керегесі кең болып, түтіні түзу ұшады. 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жылғы Жолдауында отбасын қорғау және бала капиталын қалыптастыруға ерекше мән берді. Мұндай қолдау әрбір қазақстандықтың өз болашағына деген сенімін нығайта түсетіні сөзсіз. Ал осындай халық игілігіне бағытталған шынайы шешімдердің ел арасында дұрыс қабылдануында Сіздердің пікірлеріңіз зор маңызға ие», - деді Н.Нәлібаев.

Облыс әкімі өнегелі отбасыларды насихаттау мақсатында Қызылордада «Аналар үйі» салынатынын мәлімдеді.

Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов берекелі шаңырақ иелерін «Отбасы күнімен» құттықтап, отбасылық құндылықтар қай кезде де құнды әрі өзгермейтінін тілге тиек етті.

Жиында 7 бала, 20 немере, 5 шөбере тәрбиелеген үлгілі әке Файзулла Сахиев пен 8 бала, 22 немере, 8 шөбере тәрбиелеген батыр ана, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалінің және «Күміс алқа» иегері, сауыншы Разия Аппазова сөз алып, аймақ басшысына алғыс білдірді.

Еркін пікір алмасу барысында салтанатты кеш қонақтары отбасы өнегесі, бала тәрбиесі мен жастарға ұлттық құндылықтарды дарыту мәселесін тілге тиек етті.

Іс-шара соңында «Алтын той» иелеріне жергілікті өнерпаздар жырдан шашу шашып, әулеттің аналарына сый-құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, өңірде соңғы үш жылда бала туу көрсеткіші 16 пайызға артты.

Бүгінде Сыр өңірінде 141 мыңнан аса отбасы бар. Оның ішінде 48 мыңнан астамы көпбалалы отбасылар. Ал, 17 мыңға жуық ана «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері атанған.

 

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 15.09.2022
  • 323
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика