• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрсембаев Е.Ж.
БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам - Президент Жолдауын түсіндіру. Әділет министрлігіне жүктелген міндеттер туралы

19 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне екі негізгі бағыт бойынша жүктелген нақты міндеттерді түсіндіруге арналған баспасөз мәслихаты өтті:

  • Әкімшілік сот төрелігінің аясын кеңейту.
  • Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы түзету жөніндегі өкілеттіктерді құқық қорғау органдарынан Әділет министрлігіне беру және оларды қайта қарауды жүргізу.

Министрдің айтуынша, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың өзара іс-қимылындағы көзқарасты түбегейлі өзгерткен әкімшілік іс жүргізу кодексі қолданысқа енгізілді.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс енгізілген күннен бастап, бір жылдың қорытындысы бойынша Әділет министрлігі Құқық қолдану тәжірибесіне талдау дайындады.

«Мәселен, жаңа форматтағы әкімшілік сот төрелігінің бірінші жылында соттарда аяқталған әкімшілік істердің жалпы санынан аяқталған істердің 52%-ы бойынша талапкерлердің талаптары толық немесе ішінара қанағаттандырылды. Осылайша, әкімшілік органның, лауазымды тұлғаның (сотқа жеткен) әрбір екінші шешімін сот күшін жояды. Бұл факт әкімшілік сот төрелігінің «жаңа» моделінің тиімділігін көрсетеді», - деді Қанат Мусин.

Қанат Мусин атап өткендей, «e-Otinish» ақпараттық жүйесін енгізу де әкімшілік сот төрелігінің жаңа моделі аясында сапалы жұмыс жүргізуге ықпал етті. Соның арқасында азаматтар кез келген мемлекеттік органға өтініштерін оңай жібере алады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өзінің соңғы Жолдауында қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнаманы түзету жөніндегі өкілеттіктерді құқық қорғау органдарынан Әділет министрлігіне беру және оларды пысықтау мәселесіне ерекше тоқталғанын айта кеткен жөн.

 «Осыған байланысты бұл мәселені шешу кешенді көзқарасты талап етеді, өйткені қылмыстық заңнаманы қайта қарау мен түзету жүйелі және теңгерімді көзқарассыз мүмкін емес», - деді Әділет министрі Қанат Мусин.

Осы орайда  қылмыстық саясатты Әділет министрлігі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасының негізді тұрақтылығы қағидаты бойынша құратын болады.

Сонымен қатар, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер енгізудің ерекше тәртібін белгілеу мәселесі пысықталатын болады.

Қанат Мусиннің айтуынша, өзгерістер динамикасы, қарқындылығы құқық қолдану тәжірибесіне сәйкес келмейтін жағдайда оңтайлы даму жолы қағидасы да қарастырылады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын құқық қорғау органы қалыптастыратынын ескере отырып, бәсекелестік сотқа дейінгі сатыда да, сот сатысында да қамтамасыз етілмейді: процесс күшті жақтың қажеттіліктеріне бейімделген.

Өз кезегінде барлық жұмыс қоғам өкілдерімен, ғалымдармен, сарапшылармен сындарлы диалогта жүзеге асырылатын болады.

Жалпы, екі заң жобасы бойынша жұмысты Әділет министрлігі Ашық НҚА порталында заң жобаларын орналастыру арқылы ашық жүргізетін болады. Жұмыстарды 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған.

  • 20.09.2022
  • 144
Сәрсембаев Е.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Әдiлет министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика