• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Түркия арасында аэроғарыш өнеркәсібі саласын дамыту бойынша меморандум бекіді

«Түркия президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында бүгін Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің басшысы, әріптесім Исмаил Демир екеуміз аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойдық.

Меморандум спутниктік байланыс пен телехабар тарату салаларында ғарыштық жүйелерді құруға, жерді қашықтықтан зондтау, технологиялық және ғылыми мақсаттарда ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Жалпы, Түркиялық әріптесімді ғарыш саласы бойынша атқарылып жатқан жобалармен таныстырып, ғарыштық мониторинг пен жерді қашықтықтан зондтау бағытындағы жұмыстармен таныстырдым. Сондай-ақ, арнайы конструкторлық технологиялық бюроның өндірістік алаңдарын және «Ғалам» ЖШС-дегі шағын ғарыш аппараттарын сынау зертханасын араладық.

Сондай-ақ жерді қашықтықтан зондтау деректерімен алмасу, спутниктерді әзірлеу жөніндегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың кооперациясы, спутниктік жүйелерді құру сияқты бағыттардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыладық. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар және жеке компаниялар деңгейінде бірлескен жұмысты дамытып, тығыз байланыс орнатуға уағдаластық.

ЖҚЗ жерсеріктерін бірлесіп пайдалану мәселесіне тоқталып өтсем. Біз бұл жүйеден бас тартпаймыз және ғарышта жерсеріктердің болуы мен санының артуын ары қарай қадағалайтын боламыз, себебі ол Қазақстан халқының әлеуметтік және экономикалық игілігін арттыру жолында өз ықпалын тигізбек. Бірақ қазіргі әлемде жерсеріктік аппараттарды жеке  дара иеленуге байланысты шығындар, бірінші кезекте экономикалық тәуекелдерді тудырады.

Былайша айтқанда, қашықтықтан зондтау жерсерігі Қазақстанның қажеттіліктері үшін ұшырылатын болса, іс жүзінде біз оның 10 пайызын ғана   пайдаланамыз. Оның мүмкіндіктерін барынша пайдалану үшін барлық елдер деңгейінде жаһандық сатылымдарды құра білу қажет. Қазіргі уақытта әлемнің sharing economy бағытына бет бұрып келе жатқаные ескере отырып, әріптесіміз екеуміз елдеріміздегі спутниктік жүйелер топтамасын бірлесіп құру және пайдалану мүмкіндігін қарастардық. Сондай-ақ түркі елдерінің жерсеріктер топтамасын құру мүмкіндігі талқыланды. 

Демир мырзамен біз нақты техникалық және коммерциялық мәселелерді талқылау үшін тәжірибе алмасуды дамыту қорытындыға келдік. Екі ел арасында келісімдер жасалып, оны жүзеге асыру процесі басталса, басқа түркі елдері де жобаға қызығушылық танытатынына сенімдімін»

  • 14.10.2022
  • 279
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика