• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АРАЛ АУДАНЫНДА «БАЛЫҚШЫЛАР МОНУМЕНТІ» АШЫЛДЫ

Биыл Арал қаласы 95 жылдығын атап өтуде. Қала мерейтойына орай «Балықшылар монументі» ашылып, «Балықшылар аллеясы» қайта жаңғыртудан өтті. Арал ауданына барған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев балық шаруашылығының даму барысын суреттейтін нысандарды аралап, аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтады.

Алдымен аймақ басшысы мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржановтың «Суреттер сыр шертеді» тарихи мұражайының жұмысымен танысты. Музей 2018 жылы жұмысын бастады, мұнда 500-ге жуық фотосурет пен тарихи жәдігер сақталуда. Оның ішінде балықшылардың тарихи фотосуреттері, республика, облыс және ауданға танымал қоғам қайраткерлерінің фото жинағы мен бұрынғы балық шаруашылығы министрі Құдайберген Саржановтың жеке заттары бар. Сондай-ақ, мұражайда Арал теңізінің тарихына арналған экспонаттар сақталуда.

Әрі қарай облыс әкімі құқық қорғау органдары басшыларымен бірге жаңғыртылған «Балықшылар аллеясының» жұмысымен танысып, «Балықшылар монументін» салтанатты түрде ашу рәсіміне қатысты.    

Мерекелік іс-шара «Арал антологиясы» жинағының тусаукесерінен басталды. Айдынды өлкенің тарихы мен даму барысын сипаттайтын бұл жинақ айдынды Арал тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертеді.

  Зиялы қауыммен кездесу барысында облыс әкімі Мемлекет басшысының қолдауымен Арал өңірінің жағдайын жақсарту, балық шаруашылығын дамытудың нақты жолдары іске асқанын тілге тиек етіп, теңізді өлкедегі өзекті мәселелер кезең-кезеңімен оңтайлы шешілуде деді.

- Арал - тек еліміздің ғана емес, әлемнің назарындағы өңір. Тіршіліктің өзегі сумен байланысты болғандықтан су деңгейіне қатысты көптеген қиындықтар еңсерілді. Президентіміздің қолдауымен Көкарал бөгетіне де ерекше мән беріліп, жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы бөлінуде.

Бірнеше балық зауыттары ашылып, кезінде жоғалып кеткен балықтың түрлері қайта оралуда. Мәселен, Арал теңізінде тек бір камбала балығы ғана қалса, қазір 23 балық түрі қайта келді. Балық аулау көлемі 400 тоннадан 8 000 тоннаға дейін ұлғайды. 10-нан зауыт жұмыс жасап, балық өнімдері шетелге экспортталуда. Аралда тіршіліктің көзі мен балық пен мал шаруашылығы болғандықтан бұл бағыттағы жұмыстарға қолдау болады.

Келешек ұрпаққа қажетті тарихи кітап та жарық көруде. Мұның бәрі киелі Арал жұртының игілікті ісі деп санаймын,-деді Н.Нәлібаев.

Жиынға қатысушылар «Балықшылар музейінің» жұмысымен танысты. Бұл мұражай 2012 жылы ашылған. Мұражайда түйе шана, ат шана, шығыр, көптеген кемелер мен қайықтардың экспонаттары қойылған. Әр кеменің сыртқы бетінде кеме капитандарынын аты-жөні жазылған. Бұл экспонаттар бұдан бірнеше жылдар бұрын қолданыста болған. Бірақ, 1962 жылы Арал теңізінің тартылуына байланысты порт жабылып, порттың маңайына спорт кешені, спорт алаңы салынып, көгалаңдырылып ашық аспан астындағы мұражайға айналды. 2021 жылы музей қайта жаңғыртылып, жаңа экспонаттармен толықты.

Жаңғыртудан өткен "Балықшылар аллеясында" жаттығу алаңы, балалар спорттық ойын алаңы, субұрқақ, балықшылар мүсіні, балықшылар есімі жазылған тақта және вагон орнатылған.

Салтанатты іс-шара «Поволжье тұрғындарына 14 вагон балық жіберілгеніне 100 жыл» театрландырылған қойылыммен аяқталды. Қойылымда жаппай ашаршылық пен қуаңышылықтын қиын-қыстау заманында Арал балықшылары аштықтан зардап шеккен Еділ аумағының тұрғындарына 14 вагон балық жолдап, миллиондаған халқын құтқару оқиғасы сахналанды.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 28.10.2022
  • 292
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика