• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мәдиев Ж.Х.
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
IT-саласындағы қазақстандық студенттердің халықаралық аренадағы кезекті жарқын жетістігі

10 қарашада отандастарымыз командалық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалында бақ сынаған болатын. Айтулы бәсеке Бангладеш елінің Дакка қаласында өтті.
Сайыс FAANG (Facebook, Apple, Amazon, Netflix, Google) үшін беделді конкурстардың бірі болып табылатынын атап өткен жөн.
Біздің студенттеріміздің басым бөлігі осы жарыстың түрлі кезеңдерінде (ширек финал, жартылай финал) қарсыластарын шаң қақтырды. Олардың халықаралық бағдарламау (World Finals ICPC) сайысының шешуші кезеңіне өтуі - бұл үлкен жетістік!
World Finals ICPC бәсекесіне Қазақстаннан екі команда қатысты. Бұл Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) және Suleyman Demirel University (SDU).
Байқаудың финалына әлемнің түкпір-түкпірінен үздік 132 университет командасы қатысты.
Осылайша, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) студенттері 25-ші орынға ие болды. Олар Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу Физико-техникалық институты, KAIST, Торонто, Гонконг университеттері сияқты және әлемнің бірқатар танымал жоғары оқу орындарын артта қалдырды. Бұл мақтануға тұрарлық жеңіс!.
Бұдан бөлек, Сүлеймен Демирел университетінің командасы 111-орынға ие болды. Команда атынан қатысқан студенттер: Темірлан Байболов, Әбу Саид Манап, Алмас Кеңес және команда жетекшісі- Ербол Байғариев.
Халықаралық ақпараттық технологиялар командасының құрамында: Батыр Сардарбеков, Абай Баймұқанов, Парасат Қызылқанов және ұстаздары- Қуанышбай Айбар, ХАТУ олимпиадалық резервінің басшысы Сұлтанов Ескендір болды.
Мұндай жетістіктер біздің бәсекеге қабілеттілігімізді әлемдік деңгейде дәлелдейді. Сондай-ақ, бұл сапалы білім деңгейімен халықаралық стандарттарға сай мамандар дайындайтынымызды көрсетеді.
Осындай тамаша нәтижеге елеулі үлес қосқаны үшін ел құрамасының бапкері - Темірлан Сатылғановқа алғыс айтқым келеді.
Жастарға болашақта одан да үлкен белестерді бағындыруды тілеймін! Жеңістеріңіз көп болсын!

  • 14.11.2022
  • 291
Мәдиев Ж.Х.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мәдиев Ж.Х.
(Мұрағат)

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика