• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нәлібаев Н.М.
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕКПЕН БІРГЕ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ОҚЫТУШЫ-ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келген ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен бірге Қорқыт ата университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған кездесулерге қатысты.

Алдымен облыс әкімі мен министр университеттің №5 оқу ғимаратында оқытушы-ғалым, профессорлармен кездесіп, оқу орнының ғылыми-инновациялық жетістіктерімен танысты.

Нұрлыбек Нәлібаев 85 жылдық тамырлы тарихы бар университеттің кәсіби маман даярлаудағы әлеуеті зор екенін тілге тиек етіп, ғылымға бетбұрыс жасаған жастарға әрдайым қолдау болатынын жеткізді.

- Бүгінгі күні өңіріміздің маңдайалды университеті еліміз үшін сұранысқа сай мамандардың мыңдаған легін даярлап, ұлттық кадрлар қалыптастыруда.

Білім ордасының түлектері егемен еліміздің түкпір-түкпірінде сан-салалы қызметте абыройлы еңбек етуде. Олардың арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, ғалымдар, өнер және мәдениет майталмандары, ғылым мен спорт саңлақтары, ірі бизнес өкілдері бар.

Жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында археологиялық және аграрлық сала жобалары қолдау тауып келеді. Келешекте бюджет есебінен қаржыландырылатын экономика салалары бойынша мамандық санын көбейтуді жоспарлап отырмыз.

Аграрлық аймақтан өндірісті өңірге айналған Сыр елінің игі мақсаттарды жүзеге асырып, өсу жолында университет инновациялық дамудың драйверіне айналуы қажет,-деді Н.Нәлібаев.

Басқосу барысында министр Саясат Нұрбек жоғары оқу орындарында маман даярлау ерекшеліктерімен бөлісіп, келешекте өңірлік университеттерді қолдау аясы кеңейіп, ғылыми мүмкіндіктерді дамыту мәселелерін қозғады.

Кездесуден кейін облыс әкімі мен министрмен бірге «Жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту: болашағы мен мүмкіндіктері», «Өңірлік университеттер – 2032: адами капитал және ғылым» атты форсайт-сессияларға қатысты. Әрі қарай «Физика-химиялық талдау әдістері инженерлік бейіндегі» зертхана жұмысымен танысып, жас ғалымдармен пікірлесті.

Айта кетейік, министр Сыр еліне сапары барысында тұрғындармен кездесу өткізіп, өзекті сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ, «Open spaсе» заманауи үлгідегі кітапханамен және сирек кітаптар қорымен танысып, білім, ғылым, өнер, спорт саласындағы жеңімпаз жастармен кездеседі. Мұнан кейін университеттің 85 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысады.

 

Еске салайық, соңғы 3 жылда аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын, өңірге қажетті мамандықтар бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерге 360 облыс әкімінің гранты тағайындалды. Бөлінген гранттардың 216-сы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне берілді.

 

@Облыс әкімінің баспасөз қызметі

  • 05.12.2022
  • 252
Нәлібаев Н.М.

Қызылорда облысының әкімі

Нәлібаев Н.М.
(Мұрағат)

Қызылорда облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика