Мырзағалиев М.М.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі
Наурыз мейрамымен құттықтау
  • 22.03.2021
  • 370

Қымбатты достар! Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жыл басы, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Бүгінде Ұлыстың ұлы күні экологиялық тәрбиенің символына айналып үлгерді. «Т ...

Толығырақ

Ермекбаев Н.Б.
ҚР Қорғаныс министрі
Генералдар мен офицер мырзалар, сержанттар мен сарбаздар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметкерлері!
  • 22.03.2021
  • 502

Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Әз-Наурыз елімізде қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі ажырамас бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Халқымыз үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейлі мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, ақ пейіл мен татул ...

Толығырақ

Қасымбек Ж.М.
Қарағанды облысының әкімі
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ
  • 22.03.2021
  • 449

Құрметті достар! Наурыз - Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы. Ол жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Біздің ата-бабаларымыз бұл күнді асыға күткен. "Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!" деген ізгі тілектерін айтып, бұл мерекені тоймен қарсы алған. Тәуелсіз еліміздің халқы енді бірер күн ...

Толығырақ

Маржықпаев Е.Б.
Ақмола облысының әкiмi
Наурыз мейрамы құтты болсын!
  • 22.03.2021
  • 357

Құрметті ақмолалықтар! Қадірлі жерлестер! Сіздердің баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Қайта жаңарған Наурыздың тарихы – біздің отыз жылдық тәуелсіздігіміздің тарихы! Биыл біз бұл мейрамды үлкен шараларсыз атап өтеміз. Бұған да себептер бар. Әлемде әлі де коронавирус қаупі сақталып отыр. Бірақ, көктеммен келген мерекелік көңіл-күйді ештеңе бұза алмайды. Ең бастысы, біз біргеміз және бар қиындықты бірлесіп жеңеміз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біздің басты құндылығымыз – халықтың бірлігі» деп орынды атап өткен болатын. Осы бірлігіміз бен рухымыздың беріктігінің арқасында еліміз отыз жылдан бері өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа жетістіктерге жетуде. Соның ішінде халықтың әл-ауқаты төмен топтарын қолдау, азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері өз шешімін тауып, еңбекақы мен зейнетақы, жәрдемақы мен шәкіртақы тұрақты түрде өсіп келеді. Бүгінгі таңда «Индустриалдық-инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы», «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламалары ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. Мұның өзі жаңа жұмыс орындарының ашылуына, кәсіпорындардың іске қосылып, тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар, бала бақшалар мен жолдардың салынып, жөнделуіне мүмкіндік туғызуда. Осы орайда, еліміздің, соның ішінде облысымыздың дамуына белсене атсалысып, осы іске елеулі үлестерін қосқан азаматтарға алғысымды білдіремін. Биылғы жыл да біз үшін мемлекетіміздің экономикалық жағдайы мен халқымыздың бірлігін нығайтуда, қоғамымыздың тұрақтылығын сақтауда жемісті жыл болатынына сенім мол. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атап өткеніндей, Наурыз мейрамы этникалық шығу тегі мен қай дінді ұстанатынына қарамастан, барлық қазақстандықтардың ортақ мейрамы болып табылады. Біз қашанда жаңа жылдан жақсылық күткен халықпыз. Алда да солай болып, жетістіктеріміз бен табыстарымыз молая берсін. Әр шаңыраққа денсаулық, ынтымақ-бірлік пен ырыс- береке тілеймін. Ел іргесі берік, еңсесі биік болып, жаңа жыл жақсы қуаныштарға кенелтсін. Ұлыс оң, ақ мол болсын! ...

Толығырақ

Мырзағалиев М.М.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі
«Таза табиғат» Қызылорда облысында: 20 мыңнан астам көшет отырғызылды
  • 21.03.2021
  • 343

«Таза табиғат» Қызылорда облысында: 20 мыңнан астам көшет отырғызылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен іске асырылып жатқан «Таза табиғат» ұлттық экологиялық жобасына Қызылорда тұрғындары да белсене қатысты. Акция ...

Толығырақ