Батыс Қазақстан облысының әкімі Ізмұхамедов Бақтықожа Салахатдинұлының қатысуымен өткен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыптағы Интернет-конференция

28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді. Интернет пайдаланушылары өзін қызықтырған сұрақтары ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күнгі сағат 9.00.- дан 29 қыркүйек күнгі сағат 10.00.-ға дейін қабылданады. Сұрақтарға берілген жауап 2011 жылғы 2 қазанда веб-порталда орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 27
  • 39066
  • 28.09.2011
  • 29.09.2011

Габдушева Зарифа Гарифулловна 28.09.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Бақтықожа Салахатдинұлы ! Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында жұмыссыздық деңгейі төмендейтіндігі туралы айтылған болатын. Осы бағытта облыс орталығы Орал қаласындағы жастардың жұмысқа орналасуы туралы білгіміз келеді

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Закарин Болат 28.09.2011 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдаулары қалың көпшіліктің тарапынан үнемі қолдау тауып, еліміздің одан әрі дамуына жол көрсетіп отырады. Соның ішінде, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері бірінші кезекте тұрғандығы жөнінде үнемі баса айтылып келеді. Осы орайда, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы Ресей мемлекетінің Капустин Яр сынақ полигонымен шекаралас аймаққа жатуына байланысты полигон зардабынан жылдан жылға аурулар түрлері көбеюде (онкологиялық, қан қысымы аурулары, сәбилердің шетінеуі т.б.). Сондықтан, алдағы уақытта осы мәселеге көңіл аударып, сынақ полигонына шекаралас аймақ ретінде төленетін жәрдемақыларды тек мүгедектерге ғана емес, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарына жәрдемақы төлеу, зейнетақыларға, жалақыларға үстемеақы коэфиценттерін қосуды қайта қарау мәселесін қарастыру.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)