Батыс Қазақстан облысының әкімі Ізмұхамедов Бақтықожа Салахатдинұлының қатысуымен өткен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыптағы Интернет-конференция
28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді. Интернет пайдаланушылары өзін қызықтырған сұрақтары ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күнгі сағат 9.00.- дан 29 қыркүйек күнгі сағат 10.00.-ға дейін қабылданады. Сұрақтарға берілген жауап 2011 жылғы 2 қазанда веб-порталда орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 27
- 39068
- 28.09.2011
- 29.09.2011
Хаиров Серик 28.09.2011 Сұрақ нөмірі:
Сайқын ауылында орналасқан бұрынғы "сельхозтехника" мекемесінің ғимаратын қазіргі заман талабына сай жабық спорт кешеніне айналдыру үшін қаржы бөлуге мүмкіндік бар ма?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Хамидулла Мергалиев 28.09.2011 Сұрақ нөмірі:
Ауыл тұрғындарының кепілді сападағы ауыз сумен қамтылуының аса қажеттілігін ескере отырып, соңғы жылдары біздің аудан бойынша қаңдай жұмыстар атқарылды ?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Джангалиев Насыр 28.09.2011 Сұрақ нөмірі:
Ауданда етті мал шаруашылығын дамыту бойынша тапсырманың жүзеге асырылуы қандай деңгейде жүзеге асырылуда?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Нахова Алмагуль 28.09.2011 Сұрақ нөмірі:
Как выполняется задание по охвату детей дошкольным воспитанием.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)Бекесов Шапағат - Ақсоғым ауылының тұрғыны, еңбек ардагері 28.09.2011 Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бақтықожа Салахатдинұлы! -Соңғы жылдары Теректі ауданының Ақсоғым ауылында таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі күрделі болып отыр. Ауыл ішіндегі су құбырынан алып, қолданып отырған ауыз су сапасы тиісті талаптарға сай келмейді. Халықтың денсаулығы таза сумен қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты екендігін ескерсек, бұл алаңдатарлық жай. Бұл мәселені шешуде қандай шаралар қабылдануда?
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)